- Блогтар
- Жақсыбеков Ә.Р.
Жақсыбеков Ә.Р.
Астана қаласының әкімі
Жақсыбеков Ә.Р.
Астана қаласының әкімі
1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.
1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында "материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған.
1988-1995 жылдары "Цесна көпсалалы корпорациясын басқарды.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды.
1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалады.
1997-2003 жылдары – Астана қаласының әкімі.
2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.
2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2008 жылғы қаңтар - қазан аралығында "Нұр Отан халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – ҚР Президентінің кеңесшісі.
2008-2009 жылдары Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.
2009-2014 жылар аралығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
2014 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
2014 жылы 22 қазанда Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.
2008 жылы Астана қаласындағы "Дөңгелек алаң архитектуралық кешені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", II және III дәрежелі "Барыс, III дәрежелі "князь Ярослав Мудрый" (Украина) ордендерімен және медальдармен наградталған. "Зажечь звезду-столицу", "Так начиналась Астана". Записки первого акима столицы кітаптарының авторы.