- Блогтар
- Айтжанова Ж. С.
Айтжанова Ж. С.
Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі
Айтжанова Ж. С.
Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі
Айтжанова Жанар Сейдахметқызы 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ол С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Біріккен Вена институтын, Дж. Кеннеди атындағы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) тәмамдаған.
Университетті аяқтаған соң Мәскеу мемлекеттік университетінде, Прага қаласындағы Орталық Еуропа университетінде тағылымдамадан өткен.
1993 жылдан бастап БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінде бағдарламаларды үйлестіруші болып қызмет атқарды. Нью-Йорк қаласындағы ПРООН штаб-пәтеріндегі Еуропа мен ТМД Өңірлік Бюросының бағдарламалар жетекшісі болды.
2003 жылғы қыркүйектен бастап 2010 жылғы наурыз айын қоса алғандағы кезең аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі лауазымын атқарды. 2005 жылдың мамыр айынан бері Ж. Айтжанова - Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі.
2010 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі лауазымына тағайындалды.
2011 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының интеграция істері жөніндегі министрі болып тағайындалды.
"Құрмет орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Ағылшын және чех тілдерін біледі.