- Блогтар
- Жаныспаев А.А.
Жаныспаев А.А.
«Тобыл» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы
Сәлеметсіздер ме, құрметті блог пайдаланушылары!
«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы атынан «Ашық Диалог» блог-платформасында көргеніме қуаныштымын!
«Тобыл» ӘКК АҚ Қостанай облысының өсу нүктелерінде, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыратын өңірлік даму институты болып табылады.
Компанияның негізгі міндеттері мыналар:
1. Өңір экономикасының басым секторларындағы бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру және қолданыстағыларын жаңғырту.
2. Бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруға, инновацияларды дамытуға және технологиялық жаңғыртуға (технопарктер, АЭА, бизнес-инкубаторлар, инвесторларға қызмет көрсету орталықтары және т.б.), оның ішінде оператордың функцияларын орындау арқылы жәрдемдесу.
3. Мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға тартуды қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту.
4. Бюджеттен тыс инвестициялар тарту.
5. Компания қызметі шеңберінде бизнеске қаржылық емес қолдау көрсету.
Осы диалог алаңында Сіз өзіңізді қызықтыратын мәселелерді айта аласыз, Компания қызметінің мәселелері бойынша өз пікіріңіз бен ұсыныстарыңызбен бөлісе аласыз.
Пайдалы және жемісті ынтымақтастыққа үміттенемін!