- Блогтар
- Айнабеков А.Б.
Айнабеков А.Б.
ШЖҚ «Таусамалы Кызмет» МКК директоры
Қош келдіңіздер құрметті оқырмандар!
Менің жеке парақшамда сіздермен ашық диалог жүргізуге және сіздердің қойған сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Сонымен қатар, бұл өзге де мәселелердің тез арада талқыланып және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруына ықпалын тигізеді.
Қарасай ауданы Әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған. Заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлік Алматы облыстық Әділет департаментінің Қарасай ауданы бойынша Әділет басқармасымен 2018 жылдың 9 қаңтарында берілген.
Қарасай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы қызмет» КММ-нің тіркелген мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 040918, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Итаков көшесі, 3. қызмет тел:8(727)3893151.
Мекеменің жарғылық қоры құрылтайшысы Қарасай ауданының әкімдігімен коммуналдық меншік объектілерін өткізіп беру жолымен құрылған. Мекеме өз қызметін жеке табысы есебінен атқарады.
Мекеменің негізгі атқаратын қызмет түрі – коммуналдық меншік объектілеріне кешенді қызмет көрсету:
- Мекеменің балансындағы су шаруашылығы мен кәріз құрылыстарын тиісті ретте сақтау;
- Мекеменің балансындағы су жүйелері мен электр желісі арқылы тұтынушыларға ауыз суды, электр қуатын уақытылы және үзбей беріп тұру;
- Коммуналдық шаруашылықты дамытуға бағытталған бағдарламаларды жасау мен іске асыру жұмыстарына қатысу;
- Тендерлерге қатысу арқылы ауылды аймақтарды абаттандыру жұмыстарын іске асыру (ауыл аумағын қысқы және жазғы тазарту).
Мекеме қызметкерлерінің орташа саны 55 адамды құрайды. Арнайы техника саны – 10 бірлік. Қарасай ауданының 4 елді мекеніне коммуналдық қызмет түрлері көрсетіледі, оның ішінде:
4866 үйді сумен қамту (19465 адам)
1200 үй кәріз желілерін пайдаланады (3600 адам)
электр энергиясы 5028 пәтерге беріледі (20112 адам)
Коммуналдық қызмет 21 су ұңғымасында, су жинақтардың бір күндік өнімділігі 1500м3, қуаттылығы 1500м3 су сүзгі станцияларында, 10 су сорғысы бар 5 су сорғы станциясында, сиымдылығы 15 мың куб.м су резервуарларында, 13 электр станциясында көрсетіледі, су желілерінің ұзындығы 145 км құрайды, электр желілері 61 км, кәріз желілерінің ұзындығы 19 км.
Қарасай ауданы Әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таусамалы Қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тиісті департаменттің 27.03.2019ж. №97-ОД бұйрығымен сумен қамту және (немесе) су бұру, электр энергиясын жеткізу және тарату қызмет түрлері бойынша Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіміне енген.