- Блогтар
- Елшібаев Е.И.
Елшібаев Е.И.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы
Құрметті оқырман!
Менің жеке блогыма қош келдіңіз!
Қазіргі заманғы жоғары технологияларды енгізу және дамыту азаматтармен интерактивті диалогты қамтамасыз ете отырып, ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігіне әкеледі. Сенімді қалыптастырудың маңызды критерийлерінің бірі – ақпараттың қол жетімділігі болып табылады. «Ашық диалог» порталы бұған жақсы мысал бола алатынын атап өткен жөн.
Менің блогым «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қызметіне қатысты өзекті сұрақтар қоюға және порталдың әрбір пайдаланушысына өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан, мен сіздерді алаңдататын барлық сұрақтарға жауап беруге қуаныштымын және менің интерактивті алаңым Қор қызметіне байланысты көптеген міндеттерді шешу үшін пайдалы ресурс пен тиімді құрал болатынына сенімдімін.
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ банк жүйесіндегі несие қоржынының сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық міндеттерді орындау мақсатында жұмыс істемейтін қарыздардан балансты «тазарту» процесінде банктерге жәрдемдесу үшін 2012 жылы құрылған болатын. Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционер болып табылады.
Қордың негізгі мақсаты – сатып алынған активтерді оларды елдің экономикалық айналымына қатысу үшін басқару болып табылады. Осы мақсатта, сондай-ақ проблемалық активтерді сатып алуға мемлекет салған қаражатты қайтару мақсатында бүгінгі күні мынадай бағыттар іске асырылуда:
(1) қайта құрылымдау; (2) берешекті өндіріп алу; (3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық сауда-саттық жүргізу арқылы мүлік объектілерін өткізу.
Қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында біз банк секторындағы қаржылық тұрақтылыққа жәрдемдесу және стресті активтерді басқару саласындағы ең үздік әлемдік тәжірибені зерделеуге және қолдануға ұмтыламыз.
Бұл блог-платформа тиімді және пайдалы коммуникациялық ортаны қалыптастыруға көмектеседі деп сенемін.
Құрметпен,
Елшібев Ержан Иманқұлұлы
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасы