- Блогтар
- Елеусинова В. Ж.
Елеусинова В. Ж.
«Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры
БҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы «Қаратөбе аудандық аурухана» ШЖҚ МКК-ы атқарып отырған қызметі тұрғындарға кепілді медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Үкіметінің тұрғындардың денсаулығын қорғау бойынша бұйрықтары мен қаулыларын орындауға және мемлекеттік тапсырысты орындау мен ақылы қызмет көрсетуге бағытталған.
Біздің аурухананың құрамында 35 кереуеттік стационар және бір ауысымда 100 келушіге 61 кереуеттік күндізгі стационарымен емхана (оның ішінде 13 балалар кереуеті) және дәрігерлік амбулаторияларда 40 кереуеттік күндізгі стационары бар.
Қаратөбе аудандық ауруханасы құрамында барлығы 5 дәрігерлік аумбулатория, 3 фельдшер – акушерлік пункт, 9 медициналық пункт бар.Тұрғындарға 22 дәрігер медицинақ көмек көрсетеді, оның ішінде 5 дәрігер жоғары санатты, 7 дәрігер 1 санатты және 2- і - 2 санатты. Аудандық ауруханада жұмыс жасайтын 118 орта медициналық қызметкерлердің 56-ның санаты бар, оның ішінде 44 жоғары санатты, 8- 1 санатты, 4 - 2 санатты.
Аудандық аурухана стационарлық және жылжымалы флюоро және рентген –аппарат сияқты диагностикалық құралмен жабдықталған, функционалдық диагностика кабинетінде ЭКГ аппараты, велоэргометр, СМАД, Холтер, спирограф орналастырылған, УДЗ аппараты, эзофагогастрофиброденоскоп (ФГДС) бар, биохимиялық зертханада биохимиялық анализатор жұмыс жасайды. Науқастарды стационарлық та, емханалық та жағдайда емдеу барысында УВЧ, ультрадыбыс, массаж, ЛФК аппараттары кеңінен қолданылады.
Қаратөбе АА емханасында 100 келушіге ауысымда жалпы тәжірибелі дәрігерлер және төмендегі аталған мамандықтар бойынша кеңес беру-диагностикалық қызметі бар: неврология, психиатрия, наркология, офтальмология, отоларингология, дермато-венерология, хирургия, кардиология, эндокринология, онкология, маммология, реабилиталогия, стоматология мен инфекция.
Аудандық ауруханада М. Оспанов ат. Медициналық академиясы, Алматы қ. дәрігерлердің білімін жетілдіру иституты, Батыс Қазақстан медициналық колледжі базаларында дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің білімдерін жетілдіру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады.