- Блогтар
- Тасболатов Н. Қ.
Тасболатов Н. Қ.
«БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі» МКҚК директоры
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны облыс әкімдігінің қолдауымен 2011 жылы мәдениет саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Облыстық камералық оркестрінің республика көлемінде басқа ұжымдардан ерекшелігі арнайы мекеме ғимаратының және талапқа сай жабдықталған материалдық-техникалық базасының болуында.
Акустикаға сәйкестендіріліп арнайы жабдықталған камералық залы, материалдық-техникалық қоры, өте жоғары сапалы дыбысты музыкалық шеберлік құралдары бар. Оркестрдің дыбыс жазу студиясындағы әлемдік стандарттқа сай жабдықталған музыкалық құралдармен вокалистер, аспапта орындаушылар және музыкалық ұжымдармен дыбыс жазулар жүргізіледі. Студия толық қызметтер тізімін ұсынады: фонограмма құрастыру, минусовка, жазбаларды аналогты құрылғылардан CD ге көшіру және тағы басқалар. Дыбыс шығару сапасын жақсарту мақсатында органикалық әйнектен жасалған қажетсіз дыбыстарға қарсы тұратын тақталар жасалды, оркестр өз залында мастер класстар мен шағын концерттер өткізу үшін концерттік сахна орнатылған. Жас оркестрдің шығармашылық потенциалын дамытуда қажетті жағдайлар жасалып, классикалық музыканың шедеврінің ең жоғарғы дәрежеде орындалуына барлық жағдайлар жасалған. Ұжымның құрамында Қазақстан мен Ресейдің белгілі музыкалық жоғарғы оқу орындарының түлектері, жас музыканттар, Италияның Пезаро қаласындағы опера студиясында дәріс алған воколист және облысымызға белгілі әншілер жұмыс жасайды.
Оркестрдің репертуарында әр түрлі жастағы тыңдармандарға арналған шығармалар бар. Соның ішінде: мектеп жасындағы оқушыларға арналған, классика өнерін терең түсінетін профессионалды тыңдармандарға арналған, қазақтың ұлттық аспабы домбыраның камералық оркестрдің сүймелдеуімен орындайтын күйлері, қазіргі заманауи үлгідегі шығармалар және жеке вокалистердің орындауындағы шығармалар бар.
Әлемдік классикалық музыканы халық арасында кеңінен паш етіп, өсіп келе жатырған болашақ жастарды және жас ұрпақты музыкаға баулу, тәрбиелеу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің
Директоры – Тасбулатов Нұржан Кадержанұлы
Мекен-жайы: Орал қаласы, С.Тюленин көшесі, 1/5 үй.
Жұмыс кестесі: Әкімшілік басқарушылық бөлім: 09:00 - 18:30-ге дейін
Оркестрдің жұмыс уақытың кестесі:
Дүйсенбі – 15.00-17.00
Сейсенбі – 9.00-11.00
Сәрсенбі - демалыс
Бейсенбі – 9.00-11.00
Жұма – 15.00-17.00