- Блогтар
- Сыбанбаев Д.Ә.
Сыбанбаев Д.Ә.
ШЖҚ МКК Қарғалы ауылы аймақтық аурухана директоры
Мен медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемі шеңберінде сапалы және қол жетімді медициналық қызметтер көрсететін Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының аймақтық ауруханасының директорымын. Біздің медициналық мекеменің міндеті - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу, халықтың денсаулығын сақтау, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде халыққа сапалы медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Біздің мекемеге бекітілген халық саны бүгінгі таңда 37 032 адам.
Қазіргі уақытта стационарда келесі бөлімдер жұмыс істейді: терапевтік, гинекологиялық, перзентхана, хирургиялық, травматологиялық, реанимация, реабилитациялық және күндізгі стационар. Сондай-ақ, нақты ауысымына 620 адам келетін амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілуде.
Емханада учаскелік жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, акушер-гинекологтар, хирургтар, сонымен қатар келесі мамандар: кардиолог, ревматолог, невропатолог, аллерголог, эндокринолог, стоматолог, офтальмолог, травматолог, реабилитолог, фтизиатр, инфекционист және иммунолог медициналық көмек көрсетеді. Қажетті диагностикалық көмектің барлық түрлері өткізіледі (ультрадыбыстық зерттеу, рентгенография, маммография, флюорография, ЭКГ, клиникалық және биохимиялық анализдер).
Біз сізге тәулік бойы медициналық қызметтердің максималды спектрін алуға көмектесуге әрқашан қуаныштымыз !!!