- Блогтар
- Малғаждаров М. С.
Малғаждаров М. С.
ШЖҚ КМК «Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасы» директоры
Қайырлы күн!
Мен Алматы облысының Қарасай ауданы ШЖҚ «Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК-ның басшысы қызметін атқарамын. Қарасай ауданы Алматы облысы бойынша мегополиске жақын орналасқан, ең үлкен аудандардың бірі. Ауданында бір қалалық және он екі ауылдық округ, жетпіс елді мекен бар. Аудан тұрғындарына 1 ауданаралық аурухана, Қаскелең қаласында күніне 500 тұрғын қабылдауға арналған 1 қалалық емхана, 18 дәрігерлік амбулатория, 1 ауылдық аурухана, 2 бастапқы медико-санитарлық орталық, 7 фелдьшерлік-акушерлік пункт, 7 медициналық пункт медициналық қызмет көрсетеді.Ауданымыздың денсаулық сақтау саласының негізгі мақсаты – 2025 жылға дейін аудан тұрғындарының орта жасын 75-ке дейін ұлғайту және ана мен бала өлімдерінің болмауына ықпал жасау, онкопотология мен туберкулез ауруларымен аурушаңдылықты төмендету, скринингтік медициналық тексерулерді халықтың арнаулы топтары арасында сапалы өткізу, жүкті әйелдерді, балаларды, әлеуметтік маңызы бар аурулармен диспансерлік есепте тұратын пациенттерді тегін және жеңілдетілген препараттармен 100% қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар мамандардың кәсіби біліктілігі мен заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, науқастардың денсаулығын сақтау және олардың өмір сапасын жақсарту, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу, халықтың денсаулығын сақтау және емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру!Халық денсаулығының жағдайы - бұл мемлекеттің азаматтардың алдындағы жауапкершілік дәрежесін көрсететін, әлеуметтік бағыттың ажырамас көрсеткіші.Біздің негізгі мақсаттарымыз бен құндылықтарымыз адамдарға және қоғамға қызмет етуге бағытталғанына нық сенімдіміз!