- Блогтар
- Тоқмамбетов С. Ә.
Тоқмамбетов С. Ә.
“Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Мәдени-ағарту бірлестігі” МКҚК директоры
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Мәдени – ағарту бірлестігі» МКҚК 22 – клубтық мекемені қамтиды. Оның ішінде 14 - балалар аула клубтары, 4 - комьюнити орталықтары, «Жас ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығы, Гагарин атындағы балалар кинотеатры, «Ақниет» /Есту қабілеті төмен адамдармен жұмыс жасайтын клуб/ және «Бойтұмар» /Көру қабілеті бұзылған азаматтармен жұмыс жасайтын клуб/ клубтары.
29 жылдық тарихы бар қалалық Мәдени – ағарту бірлестігінде бүгінде көптеген тағылымды шаралар оздырылып, жобалар жүзеге асырылып келеді. Атап өтер болсақ, ата – знамен балалар аула клубтары арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Ата – аналар алқасы» құрылды, балалар мен жасөспірімдердің еңбек қабілетін арттыру мақсатында «Еңбек лагері», жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу, қаламызды көркейтуге өз үлесін қостыру мақсатында жазғы «Аллея бағы», отандық, шетелдік фильмдерді насихаттау және беделін арттыру мақсатында Гагарин атындағы қалалық балалар кинотеатры жанынан Киноклуб құрылды. Сонымен қатар дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау және шығармашылық белсенділігін арттыруға ынталандырумен қатар жас буынға адамгершілік – патриоттық тәрбие беру,
актерлік өнерін жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың рухани дүниетанымын дамыту мақсатында «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық театры құрылып, өз жұмысын жалғастыруда.