- Блогтар
- Ахметова Э.А.
Ахметова Э.А.
ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК директоры
Қайырлы күн!
Мен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының директорымын.
Біздің клиника Алматы облысының Оңтүстік өңірі тұрғындарына медициналық қызмет көрсету бойынша жетекші орталық болып табылады. Клиника ең ауыр науқастарды емдеу, дертін анықтау диагностикасын жасау жағынан барлық мүмкіндіктерге ие.
Аурухана дәрігерлердің білігін жетілдіру жөніндегі Алматы мемлекеттік институтының, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Талғар және Республикалық медицина колледждері кафедраларының клиникалық базасы болып табылады. Кафедра доценттерінің, профессорларының жетекшілігімен аталған оқу орындарының қызметкерлері клиниканың күнделікті жұмысына, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді араласып, дәрігерлердің күнделікті тәжірибесіне ғылым жетістіктерін енгізуге атсалысады.
Сіздің денсаулығыңыз – біздің мақсатымыз! Ауруханамыздың медициналық қызметкерлері күн сайын науқастарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күреседі.
Осы орайда еліміздің барлық азаматына зор денсаулық, сәттілік пен береке тілеймін!