- Блогтар
- Дарбеков Б.К.
Дарбеков Б.К.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» бас директоры
Менің блогымның барлық оқырмандарына саулық тілеймін! "ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі" РМҚК мен бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметіне қызығушылық танытатын, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждықтары үшін әскери-техникалық мамандар мен әскери оқытылған резервті даярлау мәселелері бойынша өз пікірі бар және өз пікірлерімен, өтініштерімен және сындарлы ұсыныстарымен бөлісуге дайын барлық адамдарға ризашылығымды білдіремін. Мен ашық және адал диалогқа, өз біліміммен, өмірлік және қызметтік тәжірибеммен бөлісуге, туындаған мәселелерді шешуде пайдалы болуға дайынмын. Өз кезегінде, өз оқырмандарымыздың шынайылығына, біздің кәсіпорынның тіршілік әрекеті аясындағы кез келген мәселелер бойынша ашық пікірлерге, Отан қорғаушылар мен өз Отанының – Қазақстан Республикасының нағыз патриоттарын оқыту мен тәрбиелеуге қатысты өзекті тақырыптарды талқылауға үміттенемін! Блогтың барлық пайдаланушыларын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, аумақтық тұтастық және мемлекетіміздің өркендеуін тілеймін.