- Блогтар
- Сәденов Е.С.
- Өтініш
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Ауыл тұрғындары атынан алғыс Құрметті Министр мырза! 27 қараша күні Сіз басқаратын министрлікке қарасты Ұлттық ұланның ақпараттық насихат тобы Елбасы Жолдауын насихаттап Алматы облысы Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында және Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жері Үшқоңыр ауылында болды. Ақпараттық топпен бірге келген Ұлттық ұланның Орталық ән-би ансамблі бір күн бойы аудан халқына, ауыл тұрғындарына өздерінің өнерлерін көрсетіп, тамаша концерт ұсынды. Концерттен алған әсеріміз шексіз. Тіпті, сөзбен айтып жеткізу қиын. Балалық шағымызды еске алдырған, жастық шаққа саяхат жасатқан керемет әндерге құлағымыздың құрышы қанды. Топ мүшелерінің барлығы сыпайы, өте білімді, үлкен тәрбиелі балалар екен. Ауылдың үкен-кішісі түгел риза болып жатыр! Осындай керемет ұжымды басқарып, елге ерекше көңіл-күй сыйлағаныңыз үшін үшқоңырлықтар атынан Сізге алғыс білдіргім келеді. Құрметпен, Күлаш Амирова, Үшқоңыр ауылының тұрғыны, Президенттің сыныптасы.
- МУХАНОВ ДАРХАН КАБЫЛДАШОВИЧ
- Мәдениет, ақпарат және экология
- 28.11.2014
- 332
- Өтініш нөмірі 293034
Сәденов Е.С. 11.02.2019, 03:01
Отклонено