- Блогтар
- Сәденов Е.С.
- Өтініш
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Құрметті Төтенше жағдайлар министрлі Божко В.К мырза сізге қоияар сұрағым мен КР азаматы реттінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет еткім келеді сол себептен «Көкшетау техникалық институтына>> тускім келеді бірақ мен казір алматы каласында жекеменшік ЖОО оқып жаттырмын 2 курста мен Көкшетау техникалық институтының ауыса аламынба,ауысу үшін не істеуім керек?? өзіңізден көмек сұраимын
- Елдос
- Білім
- 25.03.2014
- 531
- Өтініш нөмірі 258326
Сәденов Е.С. 10.04.2014, 12:00
Құрметті Елдос!
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Институт) Қазақстан Республикасы ТЖМ ведомстволық оқу орны болып табылады. Институт мамандықтар тізіміне сәйкес жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Институтқа күндізгі оқу түріне 25 жастан аспаған, оқу жылы басталғанда 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (орта білімнен кейін) білімі бар, әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, қабылдау емтихандарын сәтті тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Институтқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленген ұлттық бірыңғай тестілеу (әрі қарай –ҰБТ) немесе абитуриенттің кешенді тестілеу (әрі қарай – АКТ) нәтижелері бойынша сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Институтқа күндізгі оқуға азаматтарды қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезеңде Институттың мемлекеттік қабылдау комиссиясы ҰБТ немесе АКТ сертификаты балдарымен (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және физика, бейінді пән – математика) сәйкестікке іріктеу арқылы оқуға кандидаттар контингентін қалыптастырады;
екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу өткізіледі;
үшінші кезеңде дене шынықтыру бойынша іріктеу өткізіледі (белтемірде тартылу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге кросс);
төртінші кезеңде – мандаттық комиссия курсанттар санына қабылдайды.
Институтқа оқуға азаматтарды іріктеуді күндізгі оқу факультетін жасақтау бойынша тапсырысқа сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері, Министрліктің әскери бөлімшелері, Министрліктің құтқару бөлімшелері өткізеді. Оқуға үміткерлердің жеке және оқу істерін рәсімдеу аталған Министрліктің кадрлық аппараттарына жүктеледі.
Ербол, Сіз қай жерде оқитыңызды толық жазбағансыз тек жекеменшік ЖОО-да 2-курсында оқимын дегенсіз, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 қаулысының 40-ші тармағына сәйкес білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады деген. Сіз жекеменшік ЖОО ақылы түрде оқуыңызға және Институтқа оқуға қабылданатын курсанттар саны мемлекеттік тапсырысқа сәйкес тегін қабылдануына байланысты Көкшетау техникалық институтына ауыса алмайсыз.
Институтқа түсу туралы толық ақпаратты kti-tjm.kz сайтынан ала аласыз.