- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
- Өтініш
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
сәлеметсізбе.мен БҚО жанибек ауданы жәнібек ауылынан хабарласып отырмын.сұрайын дегеним жаңа туған нәрестеге ауруханадан питания берілеме соны білейін деп едім.балам1 айдан кейін ембей қалды ауруханадан питания сұрасақ берілмейд деп бермей қойды.мен жұмыссызбын әкесі әскери қызметкер квартирда тұрамыз алған жалақысын квартирға толеймиз.сонда кимге берілед ол питания?
- ФАЙЗУЛЛИНА РАУШАН КАЙЫРЖАНОВНА
- Денсаулық сақтау
- 31.03.2015
- 395
- Өтініш нөмірі 295814
Жақыпова С. Қ. 14.04.2015, 12:00
Құрметті Раушан Қайыржановна!
«ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 726 бұйрығына сәйкес 1 жасқа дейінгі балаларды емшек сүті алмастырғышпен қамтамасыз ету тек медициналық айғақтарға (баланың немесе емізетін ананың белгілі ауруына) және әлеуметтік жағдайына (көп құрсақты жүктіліктен, асырап алу, күндізгі бөлімдегі білім алатын студент анаға) сәйкес бейімделген емшек сүтін алмастырғышпен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және ілеуметтік даму министрлігі Сізге ерте шақтағы балаларға күтім жасау жөніндегі ұлттық стандарттың негізінде баланың физикалық және ақыл-ойының толық қанды дамуы үшін емшек сүтімен тамақтандырудың үлкен артықшылығы мен пайдасы зор екендігін айта отырып, тек емшек сүтімен тамақтандыруды тағайындайды.