- Blogs
- Zhakupova S. K.
- Application
Zhakupova S. K.
Minister of Labor and Social Protection of the Population of the RK
Мен, Байгабал Танзиля, ең бірінші Елбасымызға көптен-көп алғысымды айтқым келеді. Бізді барлық жағдаймен қамтамасыз еткен Елбасына денсаулық, ұзақ өмір тілеймін! Содан кейін дәрігерлерге алғысымды білдіргім келді. Мен осы онкологиялық аурумен ауыратынымды естігенде, жүрегім тоқтап қалғандай сезіндім... «Бітті»...өмірден күдерімді үзіп, «енді мен жазылмаймын, өлетін шығармын» деп өзімді жаман сезіндім. Содан кейін Астанадағы Ана мен Бала Ұлттық Ғылыми Орталығына келіп түстім. Сол кезде маған медсестралар, дәрігерлер: «Бәрі жақсы болады! Сен әлі жазылып шығасың! Қолыңда тыртық қана болады! Тек шыдасаң болды!» деген сәттен бастап, жүрегімде үміт оты ұялады! Мен өзім бәріне шыдадым, жазылуым үшін тырысып келемін! Менде қазіргі уақытта – бәрі жақсы! Содан кейін мені Алматыға жолдамамен Луч алуға жіберді...танымайтын жер. Өзім бір түрлі болып қалдым. Шынымды айтсам: қорқтым... «қалай болады екен?» деп ойладым. Мен келіп түскенде, мені Заведующий Быковская Анна Николаевна жылы жүзбен қарсы алғанда, өзімді жақсы сезіндім. Содан соң палатама жайғастым, өзіме палата қатты ұнады. Содан кейін өзімнің дәрігерім Тохмолдаева Қарлығаш Алтынбековна келді, өзін таныстырып: «уайымдама, бәрі жақсы болады» деді жылы жүзбен, мен дәрігеріме ризамын. Медсестралары да – жақсы, өз жұмыстарын жақсы меңгере біледі.Кешке келіп: «қалайсыз? Сізде бәрі жақсы ма?» деп сұрап кетеді. Тазалық жағына келетін болсақ, бәрі - жақсы, әрі таза. Тамақтары да – жақсы, асханасы – бар, таза әрі жылы. Психолог апайлар, Хусайнова Ильмира Рамазановна мен Молдашбаева Айжан Джолдасбаевна – тіптен жақсы, балалардың көңілін таба біледі, концерт, әншілерді шақыртып, бәрін ұұйымдастырып, мереке кездерінде балаға открытка, түрлі түсті гүл жасауды уйретеді. Мен өзім, тіпті больницада жатқанымды ұмытып кеттім. Тек қана мереке кездерінде емес, барлық уақытты жақсы өткіздім... мен психолог апайларға көптен-көп алғысымды айтқым келеді. Бәрі де жақсы болды. Сол ұжымды басқарып отырған Быковская Анна Николаевнаға шын жүректен алғыс айтамын және сол ұжымға айтар тілегім: «Ұжымдарыңыз жазылмасын! Балалар Онкология және радиология ауруханасын жаңадан салса тіптен жақсы болар еді! \Назарыңызға рахмет! Ізгі ниетпен, Павлодар облысынан Байғабал Танзиля, 18 жас.
- Танзиля
- Health
- 28.03.2014
- 429
- Question number 259259
Zhakupova S. K. 15.04.2014, 12:00
Құрметті Танзиля!
Медицина саласындағы қызметкерлердің жұмысын бағалап ізгі ниетпен алғыс айтып жазған жылы сөзіңізге көп рахмет.
Жазған өтінішіңіз «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ұжымына жеткізілгенін хабарлаймыз.
Сізге зор денсаулық тілейміз.