logo
131089
Поступивших обращений
Жумагалиев А.К.
Министр транспорта и коммуникаций РК

Добрый день, уважаемые казахстанцы!

 

Рад приветствовать вас уже в качестве министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан. 

Как вы знаете, функции и полномочия в области связи и информатизации, а также контроль за автоматизацией государственных услуг и координация деятельности центров обслуживания населения отошли к Министерству транспорта и коммуникаций, возглавить которое, Указом Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева от 20 января 2012 года, поручено мне.

В 2010 году мы уже проделали большую работу по развитию отраслей связи и информации, добились значительных результатов. Думаю, деятельность министерства связи и информации запомнится всем запуском новых услуг связи и «электронного правительства», открытием новых телеканалов и радио, презентацией уникального медиа-центра, значительным снижением тарифов на сотовую связь, Интернет, запуском услуги 3G, а также модернизацией работы Центров обслуживания населения.

Следующим шагом в нашей работе станет выполнение и стратегических задач, поставленных Главой государства в транспортно-коммуникационной сфере. Впереди большая работа по улучшению сервиса при оказании транспортных услуг, повышению качества строительства автомобильных дорог, увеличению станций для прохождения техосмотра, развитию гражданской авиации и многим другим вопросам транспортно-коммуникационной отрасли.

В общем, задач стоит много – будем их выполнять. Я, как и прежде, буду держать вас в курсе всех событий.

Жду интересных мнений и предложений от читателей моего блога на официальной блог-платформе руководителей государственных органов РК, а также на моей страничке в твиттере @AZhumagaliev.

 

С уважением,  Аскар Жумагалиев

9 июля 2010 г. №45288
Б.Атаев
Автору блога: Министр транспорта и коммуникаций РК
Категории: Транспорт

ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Ә.Құсайынов мырзаға «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Президенті А.Мамин мырзаға Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ па? Маңғыстауда қырық күн шілде басталды. Үйреніспеген кісіге оның аптап ыстығы Маңғыстауды «жан қыстау» деп айтқызары хақ. Бірақ, Маңғыстау теміржолшылары үшін биылғы жаз анағұрлым өртеніп тұрғанға ұқсайды. Ал, кейбіреулері үшін «жан қыстау» күндер туғандай. Мен төртке тума қырық санын сөз басы етіп тегін алып отырғаным жоқ. Осыдан тура төрт ай бұрын ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің интернет блогында «Нұр Отан» кімге керек?» деген тақырыпта Н.Сағындықұлы деген автордың материалы жарық көрген болатын (http://blogs.e.gov.kz/blogs/kusainov_a/questions/33327). Сол кісі Маңғыстау теміржолы бөлімшесінің директоры Ерікбай Қанайұлы Нұрабаевтің қызметіне кіріскен қырық күндегі «қылықтарын» сынға алып, ой салар сөздер айтып еді. Сонда алдағы күндерде жағдайдың түзелеріне үміт артқан екен. Бүгінде Ерікбай бауырымыздың креслоға жайғасқанына жарты жыл толып отыр. Алғашқы жарты жылдық дегеніміз әр деңгейдегі басшылардың жол ортадан қалт тоқтатсаң да атқарып жатқан жұмыстарына есеп бере жөнелетін тоқатай кезеңі. Бірақ, қырық күнде «төртеуін түгендей алмаған» директордың алты айда әлі де «алтауы ала» күйінде келе жатқанға ұқсайды. Тіпті, осы Нұрабаев «өзге түгіл, өзіне де есеп бере ме екен?» деген сұрақ туындайды. Болмаса, жоғарыда айтылған мақаладағы сын ескертулердің бір бұрысы жоқ. Қалай болғанда да Қанайұлының қадірін кадр мәселесі кетіріп тұр. 35 цистерна «мұнай»-битум Қаржы ревизия бөлімінің 21.05.2010 жылғы жасақтаған тексеру актісіне сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында 52 вагон битум тиелген цистерна Ақжайық станциясынан Ақтау портына әкеліп түсірілген. Одан соң ол елу екі вагонның он жетісі Қызылорда НОД-тың Белқұдық станциясына жіберіледі де, қалған отыз бесі Ақтау Портынан Ақжайық станциясына жөнелтілмек болған. Осы екі ортада, әлгі отыз бес вагонмен әуелгіде белгіленгендей битум емес, мұнай тасымалданғандығы анықталады. Қаржы полициясы іс қозғап, цистерналардан алынған сынамаларды арнайы зертханада тексерткенде, ондағы қорытынды: бұл цистерналармен «битум» емес, «аса жеңіл мұнай» тасымалданғандығы нақтыланды. Осылайша, қитұрқылық әрекеттерге жол берілгендігі белгілі болды. Бұл жерде менің айтпағым, осындай жолмен белгілі бір топ тарифтердің айырмашылығынан ақша жасауға әркеттенген деп топшылауға болатын сияқты. Өйткені, 9 беттік атктіні көре отырып соған көз жеткізесің. «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның Бухгалтерлік есеп департаментінің берген мәліметтері бойынша, битум экспортына 52 цистернаның тарифі 6 159 633 теңге болған болса, осы көлемдегі шикі мұнай экспортына тариф 11 541 219 теңге болуы керек екен. Осылайша, 5 381 586 теңге айырмашылық белгілі бір топтың құлқынында кеткен секілді. Ал бұл сомаға жүк түрлеріне қойылатын республика ішілік тарифті қосыңыз. Елімізде осы көледегі битум тасу 2 181 872 теңге болатын болса, мұнай тасу 3 399 425 теңге болмақ екен. Бұл жерде де 1 217 553 теңге айырмашылық бар. Мұндағы сомалардың барлығы да қосымша құн салығынсыз алынып отыр. Осылайша, Маңғыстау жол бөлімшесі басшылығының мұрынының астында өтіп жатқан жүкке мұқиятсыздығы салдарынан ұлттық компанияға зор шығын келіп жатыр. Түспеген вагонды түсті деп, жолға берілмеген вагондарды берілді деп, ал Ақжайыққа құрамды переадресация жасаудың орнына, білгенін қылып отырғандардың кесірінен «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы көптеген қаржыдан қағылып қалып отыр. Әлде, Нұрабаевтің бұл афераға қатысы бар ма екен? Әйтпесе, «темірдей тәртіпті талап етемін» дейтін басшының, бәз біреулердің өз атына кір келтіруге жол беруіне болмас еді ғой. Ендігі бір мысал, Маңғыстау станциясының бастығы Үрішев Қуаныш жөнінде. Таяуда ғана пара алып ұсталып, бүгінде оны қаржы полициясы тексеруде. Бұл жігіттің үстінен бір емес бақандай 3 қылмыстық іс қозғаған екен. Бірақ, бір қызығы, соған қарамастан істі әріптесіміз, теміржолдағы жұмысына қайта кірісіпті. Онда да басқа емес, теміржолдағы жауапты жұмыс, жетекші бөлім – Жүк және коммерциялық жұмыстар бөлімінің бастығы болып тағайындалған. Сонда, пара алып ұсталып тұрып, Үрішевтің басшылық қызметке тағайындалуы тіпті жұмбақ. Елбасымыздың пәрменімен елімізде жемқорлыққа қарсы күрес кең көлемде, жаңа сапалық деңгейде өрбіген сайын, оған кереғар құбылыстардың да көрініс тауып келе жатқандығы алаңдатады. Шындығын алып қарағанда, өзінің қызметкері тұтылып жатқанда, оның үстінде тұрған басшысы да жауапкершіліктен шет қалмауы тиіс қой. Станция басындағы барлық қам-қарекетке бөлімшедегілер тікелей жауапты екендігін ұмытпаған абзал. Өзінің қол астындағы қызметкерлерінің жемқорлыққа жол бермеуіне баса назар салып, ондай жағдайдың жазаланатынын өзгелерге сабақ етудің орынына, Нұрабев мырзаның Үрішевті бөлім бастығы етіп тағайындауы басқаларға үлгі-өнегесі ме екен? Қалай дегенде де Маңғыстау теміржолында жемқорлықпен күрес мәселесі сөзбұйдаға салынып тұр. Кадрлық өзгерістердің бір себебі – қызметтік пәтер Ал сол алғашқы қырық күннің кезіндегі зобалаңда нысанаға іліккен бұрынғы Кадр бөлімінің басығы Маңдайлы Нұрабайқызы туралы бұған дейінгі мақалада да айтылған. Ол мәселені қызметтік хат бойынша тексере келген комиссия ең бірінші кезекте оның жұмыстан заңсыз шеттетілгенін анықтап, бұйрықтың күшін жойдырды. Бірақ, снда да болса, жаңа басшылықпен жұмыс істесе алмайтынын түсінген Алдоңғарова өз еркімен арыз жазып, жұмыстан кетеді. Әйтеуір, әділеттілікке жетіп, өзінің жұмыстан заңсыз шеттетілгенін дәлелдеп, аз ғана жеңіс көрген ол сол кезде өзін қандай құқай күтіп тұрғанын білмесе керек. Содан кейінгі екі айда – наурыз-сәуір бойы Маңдайлы Нұрабайқызы еңбек кітапшасын ала алмай, кітапшасы болмаған соң басқа жұмысқа тұра алмай қиналады. Сондықтан да амал жоқ 25 сәуір күні Ұлттық компания вице-президент А.Акчуриннің атына хат жазуға мәжбүр болады. Оның үстіне, үстінен жазылған қызметтік хат бойынша қаржы полициясы қайта-қайта тергеуге шақырып, тағы қажытады. Бірақ, түбі әділеттілік жеңіп шығады. Қаржы полициясы тексере келе оның үстінен тағылған айыптарды негізсіз деп тауып, қылмыстық іс қозғаудан бас тартады. Кейін еңбек кітапшасын алғаннан соң да көрген құқайларына шағынып, қуынбағаны, жұмыссыз жүрген уақыттарына өтемақы талап етпегені Маңдайлы Нұрабайқызының әйел заты болса да азаматтығы шығар. Бірақ, Ерікбай Қанайұлы Нұрабаев көз жасына қалған әйел заты бір Алдоңғаровамен шектелмесе керек. Қол астындағы қызметкерлерге, әсіресе, әйелдерге қырандай шүйліккен ол дегеніне жетпей қоймасын сездіргендей. Мәселе, қызметкерлерге берілген қызметтік пәтерлер туралы болып тұр. Арнайы бөлімнің электромеханиктері Дюржанова Эльбурс пен Ескужиева Райхан 2007 жылдан бері Маңғыстау жол бөлімшесінде қызмет етеді. Бірі 10 жастағы бір қыз, бірі 9 және 10 жастағы екі қыз тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналар. Атыраудың «Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясынан» пәтер мәселесін шешіп қалармыз деген үмітпен жаңадан ашылып жатқан бөлімшеге жұмысқа сұранған. Үміттері ақталып 2009 жылдыңақпан айында Ақтау қаласындағы 17 шағын аудандағы биік үйлердің бірінен қызметтік пәтерлерге қол жеткізген. Бірақ, осы қорғаушысы жоқтығына басынғаны ма қызметіне кіріскеннен Ерікбай Нұрабайұлы осы екі әйелдің қыр ізіне түсіп, үйді босатуын талап еткен. Тіпті қос мұңлықты ол пәтер мәселесін сылтау етіп жиі-жиі жұмыстан тыс уақыттарда да мазалаттыратын көрінеді. Тіпті болмаған соң, 25 мамыр күні Нұрабаев оларды кабинетіне шақырып алып, жиналғандардың көзінше «10 күннің ішінде пәтерді босатасыңдар, болмаса милициямен босаттырамын» деп айқайлаған. Осыдан соң амалсыз, қос жалғызбасты ана «Нұр Отан» ХДП Облыстық филиалына шағынуға мәжбүр болған. Осы хатта мынадай үзінді келтіріледі: «Нұрабаев бізге пәтерлерді не істесем де өзім білем, керек десең жатақханаға айналдырып жіберем. Ал сендер ондай үйде тұратын жоғары білікті маман емессіздер. Арнайы бөлімге басқа жерден келген электромеханик керек емес дейді. Оның пәтерлерді алып алу әрекетінде өзімен бірге алып келген туыстарына біздің пәтерлерді алып беру пиғылы жатыр. Өз қолында тұрған кезде соңынан жекешелендіріп, мемлекеттің мүлкін пайдаланып кету. Өзімен бірге Қызылордадан жолсерік қызметіне бажасын алып келді, жолсерік екі қыз бала Ақтөбеден, ал жүктерді тиеп-түсіру бөлімі бастығы етіп Қызылордадан әкеліп тағайындады. Өзінің осы туыстарына пәтер алып беруге уәде еткен. Маңғышлақ станциясына бас инженер етіп өзінің жиенін алдырып, осы көп қабатты үйлердің №90 пәтерінен үй берді. Ал аталған мамандарды жергілікті жерлерден оңай табуға болар еді»делінген. Қалай дегенде де ашынған сөздерде ащы шындық бар. Өйткені, соңғы алты айда НОД-14-ке қызметке келгендердің дені қызылордалықтар: Маңғыстау станциясының бастығы Рысбаев Амангелді – бұған дейін Көкшетауда қызмет істеген, арғы жағы қызылорда, Қазалы ауданының тумасы, Маңғыстау станциясының бас инженері Кушабаев Ғазиз – бұрын бірге істеген бажасы (уахабтық діни ұстанымы бар), Маңғыстау жол бөлімшесінің жүкті тиеу-түсіру бөлімінің бастығы Сайранов Нұркен – жиені, қызылорданың тумасы, бөлімшенің кадр бөлімінің бастығы Ғалиев Болат – запастағы полиция қызметкері, қызылорданың тумасы, бөлімшенің шаруашылық бөлімінің бастығы Жангельдиев Аймұханбет - запастағы полиция қызметкері, қызылорданың тумасы, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының бастығы Ержанов Сейілхан – қызылорда, Сексеуілдің тумасы. «Ел құлағы – Елу» Сөз басындағы қырық санының кепиетінен Қанайдың ұлы қорықпаса да, біз қорқып, еңселі елу елдің қатарына иек артқандай жағдайымыз бар. Елеулі парқы бар сан ғой. Бірақ, біздің жағдайымызда парықсыздыққа жол беріліп жатқан сияқты. Әйтпесе, ешкімге бас ұрмайтын Нұрабаев – «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ па?». Осы Ерікбай өзге түгіл өзіне есеп бере ме екен деп айтуымыздың да жөні осында. Өйткені, әр кісінің жақсы жағы да, жаман жағы да болады ғой. Нұрабаевтің жақсы жері, бұрыннан кабинетте отырып, қозғалыс графигін сызудан басқа ештеңе көрмеген, тәжірибелі технократ екендігіне осы алты айда көз жеткіздік. Ал өндірістің көрігін қыздырып жатқан қара жұмысшымен, халықпен араласып, олардың жай-күйін біліп, хал-ахуалын сұрап, әлеуметтік жағдайын көтеру жолдарын ойласып жатқан кезін аңғарғанымыз жоқ. Қалай дегенде де ел осылай дейді. Ал осал жағы – кадр мәселесі екендігін аңғарған да боларсыз. Әсіресе, әйел жағы. Өйткені, әйелдерге көп тиіседі. Жұмыстан қудалайтыны да, пәтерден қуатыны да әйел. Бұл оның қатынжандылығын айғақтай түсетін сияқты. Өйткені, өзімен ала келген хатшысы өзінен жүкті болып қалыпты деген де гу-гу әңгіме НОД-тың дәлізін кезіп жүр. «Ат аунаған жерде түк қалады», қызметіне кіріскелі бері қудалаумен әйел затының көз жасына қалып, әріптес нәзік жандыларға қырандай шүйлігуі жаман еді. Ендеше, тулаған басшының соңында тұяқ қалатын болғаны ғой. Алты айдың арыны енді басылатын шығар. Қалай дегенде де ел солай дейді. «Ел құлағы - елу» дейді ғой, кім білсін?! Құрметті министр мырза! Құрметті Ұлттық компания президенті! Бұл хатты өзіңізге арнап жазып отырған байырғы теміржолшы – зейнеткер замандастарыңыз. Өздеріңе айтарым, Елбасының тапсырмасымен интернет-блог ашып, халықпен тікелей байланысқа шыққандарыңызға рахмет. Бұл халықа мінбер болған блогтарыңыз – игіліктің ісі екен. Ендеше, халықтың үнін паш етер осындай игіліктеріңіңіз көп болсын. Ондағы айтылған қай мәселе де аяқсыз қалмайды деп сенемін. Құрметпен, Б.Атаев Теміржолшы-зейнеткер Ақтау қаласы 7ш/а 11үй 8пәтер
Ответы (1)
22 июля 2010 г.
Кусаинов A.K.

Сәлеметсіз бе! Сіздің хатыңыз «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ына қызметтік тексеріс жүргізу үшін жолданды. Нәтижелері кейіннен жарияланады.