Өмірбаян
Болат Бидахметұлы Жәмішев
Мемлекет Басшысының 2007 жылғы 13 қарашадағы № 440 Жарлығымен Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі етіп тағайындалды.
Алматы облысы Гвардия ауданының Алтын – Емел ауылында 1957 жылғы 28 маусымда дүниеге келді. 1981 жылы Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.
1974 жылдан бастап Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы болып жұмыс істеді.
Мемлекеттік қызметті 1993 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бастады. Зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары, Перспективалық зерттеулер орталығының директоры болып қызмет атқарды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің төрағасы етіп тағайындалды.
1997 жылдан бастап 1999 жылды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
1999-2001 жылдары, сондай-ақ 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді.
2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі.
2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары.
2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы.
2006-2007 жылдары – Еуразия Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары – Жобалау қызметі жөніндегі басқарушы директор.
Арнайы және мерзімді басылымдарда экономикалық мәселелер жөніндегі ғылыми жарияланымдары жарық көрді.
«Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталды.