Автору блога: Министр юстиции РК
Категории: Правоохранительные органы
Мен, көп балалы ана(11 баланың анасы),алтын алқа иегері,қазіргі таңда зейнеткермін,жасым 70-те. 2006 жылы қолымдағы балам сотталып кеткен болатын. Бөтен балдар үйге келіп ұрынып,біз қанша жерден шырылдап, жүгіргенмен баламды біздің көзімізше ұрып-сабаған болатын. Ашу бойымен балам абайсызда пышақ салып,өлтіріп алған болатын. Бұл оқиға өзіміздің ауламызда болса да, оны қасақана деп қарастырды. Өздігімен мойындап ІІБ-не барса да, оны іздестіру мақсатында ұстап алдық деп қарастырды. Сот ешқандай әділ өткен жоқ. Балам қазіргі таңда Ақтау қаласында жазасын өтеп отыр. Аты-жөні Тоғызбаев Мұхтар. Міне ол жерде отырғанына 4 жыл болады. Жолдасы жұмыссыз, кішкентай 3 баласы бар. Мен - зейнеткер,әкесі де 70-тен кеткен зейнеткерлік жастағы қарт.Жағдайымыз өте қиын. Зейнетақымыз барлығымызға жетпейді. Балам қасыма оралып, әке-шешесін, бала-шағасын бағып, асыраса деген арманым бар. Мына жасқа келіп, мұндай қиыншылықты көру өте қиын. Жаман айтпай жақсы жоқ, біздер көз жұмған уақытта, оның жанұясын кім асырайды? Бала-шағасы қаңғып қалады ғой. Көзіміз тірісінде баламыздың қасымызда болғанын қалаймыз. Өзі де қателігін түсініп, ендігі бұндай іске бармайтындығын айтып, өкінеді. Тәртібі де,денсаулығы да жаман емес. Мына 2010 жылға қарастырылатын рақымшылық жасау шарасына баламды да іліктірсе деп үміттенемін.Рахмет






