logo
114289
Поступивших обращений
Имашев Б.М.
Министр юстиции РК
10 марта 2010 г. №34174
Ереке
Автору блога: Министр юстиции РК
Категории: Социальное обеспечение, Занятость населения

1.Нотаруисқа қазақша емтихан тапсыруға бола ма? 2.Емтихан тапсыруға қандай құжаттар өткізу қажет? 3.Авторы И.Ю. Лоскутов «Квалификационный экзамен на должности судьи, адвоката и нотариуса» деген кітапқа тектес қазақ тілінде жазылған кітап қашан шығады?
Ответы (1)
15 марта 2010 г.
Тусіпбеков Р.Т.

 

                                                 Құрметті Ереке!     
1.   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N1235 қаулысымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесіне сәйкес,  үмiткер өз қалауы бойынша тестiлеуден мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде өтуге құқылы.  Бұл ретте үмiткер өз қалауын жазбаша растауы тиiс. 
 
2. Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлерді аттестациялауға жіберу үшін келесі құжаттар тізбесі қажет:
  1) үміткердің аттестацияға жiберу туралы өтiнiшi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң кеңсесi арқылы Комиссияға жолдау қажет. 
        2)   фотосуретi бар жеке iс парағы;
        3)  жоғары заң бiлiмi туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      4)  Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi; 
        5)  үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша берiлген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар; 
     6) бүкіл  республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып,  үміткердің  тұрғылықты  жері  бойынша  берілген соттылығы  жоқ  екендігі туралы  анықтама. 
 
3. Орыс тіліндегі басылымдарды мемлекеттік тілге аудару мәселесі Әділет министрлігінің құзырына кірмейді.