Автору блога: Министр юстиции РК
Категории: Правоохранительные органы
Мен Кеңесбаев Бахыт Кеңесбаевич 2009жылдың 31 наурыз күні Алматы қаласы, Наурызбай батыр – Төле би көшелері қиылысында автокөлік соқтығысуы нәтижесінде ісіміз Алматы қалалық сотта қаралған болатын. Екі жақтың келіспеушіліктері себепті сот біздің ісімізді Сот сараптамасы орталығына тексеруден қайта өткізу үшін Алмалы аудандық МАИ бөліміне жіберді. Ондағы аға лейтенант Мырзалы Ұлан бұл істі жүргізген болатын . Аға лейтенант М. Ұланның айтуы бойынша кез келген банкке 18000теңге(он сегіз мың) сот сараптамасы үшін төлейтіндігімізді айтты. Мен АО «Kaspi Bank» -ке 22-июль күні төледім.(чек № 526115, кассир Корганбаева Н.) Бірақ бұл іс Алмалы аудандық МАИ бөлімінде ұзақ уақыт жатты әрі сот сараптамасы екінші тарап Новикова Ксеньяның ақша төлемегендігі себепті жүргізілмеген.Екі айдан көпке созылған бұл істі Алматы қалалық сот тоқтатқан. Мен өз ақшамды қайта қайтару мақсатында алматы қаласындағы ҚР Әділет министрлігі Сот Сараптамасы Орталығынан сараптау ісі жүргізілмегендігі жөнінде берген анықтамасы бар. Ақшамды қайтарып беру үшін Алмалы аудандық салық комитетіне барып өтініш білдіруімді айтқан. Бірақ ондағы мамандар чекті көріп, ондағы код Республикалық Бюджеттікі екенін және ақшамның сонда түскендігін айтты.






