logo
114165
Поступивших обращений
Нокин С. К.
Председатель Агентства РК по делам строительства и ЖКХ
2 марта 2010 г. №33464
Қалиева Ұлмаш Жақсыбаевна
Автору блога: Председатель Агентства РК по делам строительства и ЖКХ
Категории: Ипотека, Молодёжная политика

Құрметті Серік Кеңесұлы!!! Мен Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында тұрамын. Жас отбасы ретінде ипотекаға үй немесе пәтер алайын деп бірнеше рет арыз бергенмін. Алайда салынған үйлер мемлекет қызметкерлерінен (мұғалім, дәрігер т.б) ауыспайды. ауысқан жағдайда да, таныс-тамыр арқылы үйлі болып жатырғандар да аз емес. Жас отбасыларға үйлер көбірек салынса деймін. 2010 жылға жас отбасыларға үй салу Т.пқараған ауданы үшін жоспарлар бар ма? Екінші сұрағым: Астана қаласына, яғни Елордадан маңғыстаулық (тұратын жері) бола тұра жас отбасы ретінде ипотекаға үй/пәтер алуға бола ма?
Ответы (1)
5 марта 2010 г.
серик нокин

 

 
 
 
             Қадірлі Ұлмаш Жақсыбайқызы!
 
            Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесінің 12-тармағына сәйкес тұрғын үй сатып алуға басым құқығы бар азаматтардың өтiнiштерiн қарау кезiнде тұрғын үй комиссиясы әрбiр басым санат үшiн квотаны айқындайды.
           
            Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының республикалық бюджеттен қайтарымды негiзде бөлiнетiн қаражаттың есебiнен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйдi сатуы туралы шешiм қабылдау кезiнде тұрғын үй сатып алуға басым құқығы бар азаматтардың санаттарына баллдар беру жүйесiн қолдана отырып, iрiктеудiң мынадай өлшемдерi қолданылады:
            жас отбасылар бойынша:
            бiрiншi өлшем - отбасында балалардың болуы - әр бала үшiн - 20 балл;
            екiншi өлшем - егер өтiнiш берушi мемлекеттiк бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органның, мекеменiң, мемлекеттiк кәсiпорынның қызметкерi болып табылса - толық бiр жылғы жұмыс өтiлi үшiн - 5 балл, бiр жылдан аз болса - 3 балл;
            үшiншi өлшем - өтiнiш берушiнiң ерi (жұбайы) мемлекеттiк бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органның, мекеменiң, мемлекеттiк кәсiпорынның қызметкерi болып табылса - толық бiр жылғы жұмыс өтiлi үшiн - 5 балл, бiр жылдан аз болса - 3 балл.
           
            Уәкiлеттi органның өтiнiм қабылдау күнi тұрғын үй комиссиясының шешiм қабылдауы кезiнде басымдық бермейдi. Тұрғын үй комиссиясы әр санат бойынша шешiм қабылдаған кезде ең алдымен өлшем реттiлiгi бойынша үмiткерлердi қанағаттандыру үшiн пәтерлер жеткiлiксiз болған жағдайда үмiткерлердiң арасындағы iрiктеудi бiрiншi өлшем бойынша алынған баллдардың ең көп саны бойынша жүзеге асырады.
           
            Балл саны тең болған кезде шешiмдердi үмiткерлердiң реттiлiгi бойынша келесi өлшемге сәйкес келуiне өтiнiмдердi қосымша қарауды ескере отырып, көпшiлiк дауыспен тұрғын үй комиссиясы қабылдайды.
           
            Қолданыстағы Ереже басым құқығы бар азаматтардың барлық санаттары, оның ішінде балалары бар жас отбасылары бойынша қолжетімді тұрғын үйге ең мұқтаж азаматтарды іріктеп алуға мүмкіндік береді. 
 
Ереженің 14-тармағына сәйкес Мемлекеттік бағдарлама бойынша өтпеген өтініш берушілерден өтініштер түскен жағдайда уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, адресатқа жазбаша түрде жауап қайтарады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Мемлекеттік бағдарлама бойынша  пәтер сатудан бас тарту мәселесі бойынша Сізге уәкiлеттi органға жазбаша өтініш жасау қажет.
 
2010 жыл Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының соңғы жылы екенін ескеріп, сондай-ақ тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін соңғы екі жыл деңгейінде сақтау мақсатында Агенттік Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына мемлекеттік тұрғын үй мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салуды жыл сайын 90 млрд. теңге шамасында бюджеттік қаржыландыруды жалғастыру жөнінде ұсыныстар енгізген. Бұл ретте, қаржыландырудың осы көлемі соңғы жылдары қалыптасқан бюджеттік шығыстардың деңгейінен аспайды.
 
Әр өңірде аудандар мен қалалар бойынша құрылыстың жеке объектілеріне кредиттік қаражаттар бөлу жөніндегі шешімді облыс әкімі қабылдайды.
 
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет есебінен Батыс Қазақстан облысы «Жас Отау» жобасының үлгісінде жас отбасыларына арналған тұрғын үй салуына болады.
 
«Жас Отау» жобасын іске асыру тетігі кейіннен сатып алу құқығымен 3 жылға тұрғын үйді жалдау шартын жасасқан жас отбасыларына жаңа пәтерде тұрып, өз жинақ шотында жинақтаулар жүргізуге және тұрғын үйдің қалған    50 %-на жылдық 6 %-ға дейін проценттік ставка бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкісі» (ТҚЖБ) АҚ-мен берілетін тұрғын үй заемы есебінен тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.
 
Жас отбасы 1 бөлмелі пәтер құнының 50 % жарнасын жинақтау үшін 3 жыл бойы ТҚЖБ-ға 30000 теңге, 2 бөлмелі пәтер үшін – 40000 теңге төлейді. Сондай-ақ, жас отбасы 3 жыл бойы, яғни алғашқы жарна жинақтау үшін қажетті уақыт ішінде, жеңілдікті жалдау төлемін төлейді: 1 бөлмелі пәтер үшін айына 4000 теңгеден аспайтын, 2 бөлмелі пәтер үшін айына 5000 теңге төлейді. Бұл жағдайда алынған займдар бойынша ай сайынғы төлемдер:
-          1 бөлмелі пәтер үшін – 18995 теңгені;
-          2 бөлмелі пәтер үшін – 25389 теңгені құрайды.
Маңғыстау облысының әкімдігі «Жас Отау» жобасын іске асыруға қызығушылық танытуда. Осы уақытта Ақтау қаласында тәжірибелік 100 пәтерлі шағын отбасылық жатақхана (бір, екі бөлмелі) салу ұсынысы қаралып жатыр.        
 
2. Тұрғын үйлерді сату ережесінің 5.2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді: мемлекеттік қызмет өтілін, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемеде немесе мемлекеттік кәсіпорында жұмыс өтілін көрсете отырып, өтініш берушінің (ерінің/жұбайының) осы елді мекендегі жұмыс орнынан анықтама, сондай-ақ азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын анықтама.
 
Осыған байланысты жұмысы құжат берген жерде орналаспаған азаматтарға Ережемен Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді сату көзделмеген.
 
Бұл тұруға ең тартымды өңірлерде қолжетімді тұрғын үйге сұранысты жалған көтеруді болдырмау үшін азаматтардың осы уақытта тұратын және жұмыс істейтін өңірлерде ғана қолжетімді тұрғын үйді сатып алуы үшін және әр өңірді кредиттік тұрғын үй салуға қаржыландырудың көлемдеріне байланысты қарастырылған.
           
Құрметпен,
Серік Нокин