logo
131089
Поступивших обращений
Мамытбеков А.С.
Министр сельского хозяйства РК
3 февраля 2012 г. №123108
Салтанат
Автору блога: Министр сельского хозяйства РК
Категории: Сельское хозяйство

Менің қояр сұрағым  мыныдай: Менің әкемнің Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 86гектар жайылымдық 49 жылға арендаға алған  жері бар. Осы жерді пайдалану үшін мал шаруашылығын дамыту мақсатында ірі қара мал алу үшін банктерден қандай қаржылық несие ала аламыз? Кепілдікке қоятын үй ескі,  басқа кепілге қоятын мүлік жоқ. Банктен пайызы төмен  кепілсіз несие алуға бола ма?

Ответы (1)
10 февраля 2012 г.
Мамытбеков А.С.

 Құрметті Салтанат!

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2011 жылдан бастап «Сыбаға» несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды.

         Осы бағдарлама аясында ірі қара малдың аналық басын және етті тұқымды төлді өз төлі есебінен өсіру үшін тұқымдық бұқаларды сатып алуға шаруа қожалықтарын несиелеу қарастырылған.

Несиені қайтару мерзімі 7 жыл. Жылдық сыйақы 6 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, негізгі қарызды қайтаруға жеңілдік мерзім қарастырылған.

         Мал шаруашылығымен айналысуға несие алу шарттарын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан білуге болады.

Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Ғ. Мүсірепов  көшесі 18, 21-пәтер, байланыс телефоны: 8 (7242) 23-97-11, 23-66-67, ресми сайты: «www.fad.kz».