logo
49391
Келіп түскен өтініштер
Құсайынов Ә.Қ.
ҚР Көлік және коммуникация министрі
6 ақпан 2010 ж. №31032
Айжігіт
Блог авторына: ҚР Көлік және коммуникация министрі
Санаттар: Транспорт

Құрметті министр мырза! Мені толлғандырып отырған елді мекендердегі, оның ішінде ірі қалалардағы атап айтар болсақ Шымкент қаласындағы теміржолдағы поездардың қозғалысы. Шымкент қаласында бір кезде қаланың сыртынан салынған темір жол торабы қазір қаланың ортасында. Себебі қаланың аумағы ұлғайып кетті. Осы темір жол торабы бойында тұрып жатқан тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында неге қаланың ішінен өтетін темір жол торабындағы қозғалысқа шектеу қоймасқа. Осы мәселені мемлекеттік дәрежеде көтеріп ретке келтіріп берсеңіз осыдан зардап шегіп отырған сан мыңдаған халықтың ризашылығын естір едіңіз. Рахмет!
(1) жауаптар
11 ақпан 2010 ж.

 

Сәлеметсіз бе, Айжігіт! Осы сұрақ бойынша толық мән-жайды анықтау үшін Сіздің сауалыңыз «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына жолданды. Осыған байланысты, толық жауап кейінірек беріледі.
 
P.S. 11.02.10 ж. блогқа 466 сұрақ түсіп, 459-ына жауап қайтарылды.