Арыстанов А. К.
Председатель Агентства РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы
8 ақпан 2010 ж. №31243
Айша хажы Әбішкеліні
Блог авторына: Председатель Агентства РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы
Санаттар: Еркін тақырып
Құрметті А.К. АРЫСТАНОВ МЫРЗА! Сіздерді үстіміздегі жылдың 12-ші ақпаны – жұма күні Елбасы Нұрсұлтанның анасы «Әлжан Ана» атындағы Медресенің алғашқы нысаны - Әбіш Ата Мешітінде сағат 12.00-де басталатын ХII – Республикалық «Бәйбішесі Қазақтың Ел Қамқоры» атты ұлттық салт дәстүр, имандылық тағлымдары мерекесіне шақырамыз! Аталмыш мереке Әлемнің бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның дүниеге келген күні құрметіне және «Айша» қоғамдық қорының мемлекеттік тіркеуден өткен күніне орай өткізіледі. Мекен жайымыз: Астана қаласы, Алматы ауданы, Қарқабат көшесі, 2. тел. 54 07 97. сот. 87014701366. Э/пошта: aisha.medrese1@mail.kz
(1) жауаптар
11 ақпан 2010 ж.
Агентство РК по регулированию деятельности регионального финансового центра города Алматы
Құрметті Айша хажы Әбішкеліні!
Қуаныштарыңызға ортақпын. Өткізілетін шараға шақырғаныңыз үшін Сізге үлкен алғысымды білдіремін. Агенттігіміздің Алматы қаласында орналасқандығына, сонымен қатар, Сіз шақырып отырған күні Алматы қаласында болуыма тура келетініне байланысты, өкінішке орай мерекелеу шарасына қатыса алмайтынымды хабарлаймын.
Сізге және ХII – Республикалық «Бәйбішесі Қазақтың Ел Қамқоры» атты мерекені өткізгелі отырған ұжымға тілейтінім ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, дәріптеу және насихаттау, иман жүзді жастар тәрбиелеу жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз әрдайым жемісті және нәтижелі болсын.
Құрметпен,
Аркен Арыстанов






