logo
114295
Поступивших обращений
Абдыкаликова Г.Н.
Министр труда и социальной защиты населения РК
Уважаемые гости!
 
Я рада приветствовать Вас на страницах моего интернет-блога!
 
Здесь Вы сможете узнавать последние новости из области социальной и миграционной политики, трудовых отношений, о законопроектах, о принимаемых мерах для реализации Послания Президента Республики Казахстан и повышения уровня благосостояния, качества жизни каждого казахстанца.
Уверена, что этот блог не просто средство нашего с вами общения, но и правильный путь к решению насущных проблем.
У каждого посетителя есть возможность оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Именно так мы сможем исправить недочеты, улучшить качество и результат работы министерства. Надеюсь, что это общение будет полезным для всех нас.
Готова дать компетентные ответы на ваши вопросы, ваши идеи и предложения я непременно буду внимательно изучать и учитывать в своей работе. А для того, чтобы иметь возможность обратной связи не только посредством блога, прошу вас оставлять свои контакты. Это поможет нам при необходимости быстро связаться с вами.
 
Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан                                                Гульшара Абдыкаликова
10 сентября 2010 г. №50779
sotrudnik
Автору блога: Министр труда и социальной защиты населения РК
Категории: Занятость населения

Сәлеметсізбе құрметті Министр ханым,

менің сауалым; ҚХР Ферст Интернешнл Компаниясында 10 жылдан бері қызмет істеп келем. Бұнда Қазахстандық жұмысшыларға өсү деген мүмкіншілік жоқ болғанымен, әйтеүір анда санда алдап Қытайға білім жетілдіру курсіне жіберіп қойады. Онысы бір апта, оған кеткен шығынды тастай қылып 10 мың АҚШ доллары деп жазып ҚР- алдында алған шартарды инвестор ретінде орындадық деп галочка алып алады. Мейлі делік, демек, олар сол бір апталық курс үшін жұмысшыларға екі жыл жұмыс істеп өтеу қажет деген талап қойып қол қойдырып алады. Онысы орынды ма жоқ па соны айтсаңыз. Неге дегенде ол жұмысшы жұмыстан өз бетімен шығам десе немесе оны шығарса алгі шығынды компанияға өтеп қайтаруы қажет? ал компания ҚР алдында Қазақстандық жұмысшыны оқытып жетілдірді деген міндетпен бір неше шет елдік күшін тартып пайдаланып алады. Сонда ол қалай алдағаны? Шын мәнінде ол бір апталық курс еш қашан ондай қаражат тұрмайды Қытайда. Сол үшін сондай міндетті басына алмау үшін көптеген қазақ жастары ондай сырт оқұларына үміттенбейді: ал орнынан айырылып қалмау үшін пенсия жасынан өткен және таяған орыс әйелдер сол шет елдің рахатын көріп жүреді - олар гарантия ретінде әлгі міндетпен құана құана отырады. рахмет 

Ответы (1)
17 сентября 2010 г.
Абдыкаликова Г.Н.
Құрметті sotrudnik! Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 143-бабына (Қызметкерлердiң кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi ) сәйкес қызметкерлердiң жаңа кәсiптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiктi арттыруға құқығы бар. Кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiктi арттырудан өтетiн қызметкерлер жұмыс берушiмен келiсе отырып жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкiн. Кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiктi арттырудан өтетiн қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген кепiлдiктердi пайдаланады. Кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру аяқталғаннан кейiн оқитын адам тараптар оқыту шартында келiскен мерзiмде жұмыс берушiде жұмыспен өтеуге мiндеттi. Еңбек шарты қызметкердiң бастамасы бойынша немесе қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда қызметкер өзiн оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне барабар мөлшерде жұмыс берушiге өтейдi. Бұл ретте, кәсіптік даярлауға байланысты еңбек даулары туындайтын жағдайда, қызметкерлер ҚР Еңбек кодексінің 170-бабын басшылыққа ала отырып, жеке еңбек дауын шешу үшін келісім комиссиясына не тікелей сотқа жүгіне алады.