logo
114299
Поступивших обращений
Абдыкаликова Г.Н.
Министр труда и социальной защиты населения РК
Уважаемые гости!
 
Я рада приветствовать Вас на страницах моего интернет-блога!
 
Здесь Вы сможете узнавать последние новости из области социальной и миграционной политики, трудовых отношений, о законопроектах, о принимаемых мерах для реализации Послания Президента Республики Казахстан и повышения уровня благосостояния, качества жизни каждого казахстанца.
Уверена, что этот блог не просто средство нашего с вами общения, но и правильный путь к решению насущных проблем.
У каждого посетителя есть возможность оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Именно так мы сможем исправить недочеты, улучшить качество и результат работы министерства. Надеюсь, что это общение будет полезным для всех нас.
Готова дать компетентные ответы на ваши вопросы, ваши идеи и предложения я непременно буду внимательно изучать и учитывать в своей работе. А для того, чтобы иметь возможность обратной связи не только посредством блога, прошу вас оставлять свои контакты. Это поможет нам при необходимости быстро связаться с вами.
 
Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан                                                Гульшара Абдыкаликова
11 марта 2010 г. №34232
Байсынов Аккозбек
Автору блога: Министр труда и социальной защиты населения РК
Категории: Образование

Құрметті Рашид Төлеутайұлы! Сізден төмендегі мәселе бойынша түсіндірме беруіңізді өтініп сұраймын. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» №66 Заңына сәйкес ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн және тұратын денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлерге әлеуметтiк көмектiң өзге де шараларын айқындау аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне кiретіндігі белгіленген. Аталған Заңның 18 бабының 5 тармағында ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк көмек берiлетіндігі белгіленген. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Білім туралы» №319 Заңының 53 бабының 2 тармағында ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм берудiң педагог қызметкерлерiне жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшiн отын сатып алуға жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша белгiленетiн мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен бiржолғы ақшалай өтемақы төленетіндігі белгіленген. Осы арада екі Заңның нормаларында қайшылықтар болып отыр. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңда ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн деп көрсетілсе, «Білім туралы» Заңда ауылдық жерде жұмыс iстейтiн деп көрсетілген. Қармақшы аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» №148 Заңының 6 бабының 2 тармағын және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» №66 Заңының 18 бабының 5 тармағын басшылыққа ала отырып 2009 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті 20 сессиясының «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №146 шешімінің 8 тармағымен ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жергiлiктi бюджеттен берілетін бір жолғы ақшалай төлемдерді 4500 теңге көлемінде белгіледі. Енді осы жерде аудандық прокуратура Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Білім туралы» №319 Заңының 53 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып ауылдық жерде жұмыс iстейтiн педагог қызметкерлерге ауылдық елді мекендерде тұрақты тұрмаса да отын сатып алуға біржолғы төлемдер төлеуді ұсынып отыр. Прокуратураның талабы заңды ма? Бірінші кезекте қай заңның нормаларын басшылыққа аламыз. Осындай Заң нормаларында орын алып отырған қайшылықтарға байланысты түсіндірме беруіңізді сұраймын. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы А.Байсынов
Ответы (1)
12 марта 2010 г.
Тусупбеков Р.Т.
Сұрағыңыз келесі адрес бойынша жіберілді - Абдыкаликова Г.Н.

Сұрақты қарағыңыз келсе, осы линкті шертіңіз.