Абдыкаликова Г.Н.
Министр труда и социальной защиты населения РК
Уважаемые гости!
Я рада приветствовать Вас на страницах моего интернет-блога!
Здесь Вы сможете узнавать последние новости из области социальной и миграционной политики, трудовых отношений, о законопроектах, о принимаемых мерах для реализации Послания Президента Республики Казахстан и повышения уровня благосостояния, качества жизни каждого казахстанца.
Уверена, что этот блог не просто средство нашего с вами общения, но и правильный путь к решению насущных проблем.
У каждого посетителя есть возможность оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Именно так мы сможем исправить недочеты, улучшить качество и результат работы министерства. Надеюсь, что это общение будет полезным для всех нас.
Готова дать компетентные ответы на ваши вопросы, ваши идеи и предложения я непременно буду внимательно изучать и учитывать в своей работе. А для того, чтобы иметь возможность обратной связи не только посредством блога, прошу вас оставлять свои контакты. Это поможет нам при необходимости быстро связаться с вами.
Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан Гульшара Абдыкаликова
20 февраля 2010 г. №32594
ЕРАЛИЕВА ЛАЗЗАТ
Автору блога: Министр труда и социальной защиты населения РК
Категории: Здравоохранение
Мен Ералиева Ләззат Бастанқызы Қызылорда қаласының тұрғыны ұлым Арыстан Абылайхан 1999 жылы туған Абылайханның 21.05..02 жылдан бери Д/З:врожденная тубулопатия,фосфот-диабет варусная деформация конечности деп қойылған болатын.Абылайханды ОДБ ауруханасындағы нефралогия бөлімшесінде 2006.03.03 жылы емделгенде диогнозы анықталған.19.05.03 жылы алғаш рет 2 жылдық мүгедектікке шығарылды.Абылайхан.03.06.03 ж-12.06.03 жылы ж/е 01.11.04ж-11.11.04жылы қалпына келтіру бөлімшесінде ем алды.Одан кейін 20.12.06жылы ем алды.17.02.06жылы ОКДБО компьютерлік томаграфияға түсірді,қорытындысы:КТ-картина не выраженной сосудистой энцефалопатий(гипертензионного генеза) делінген. 15.03.07-28.03.07 ОДБ-да емделді.Екінші рет 27.06.06 жылы 1жылдық мүгедектікке созған болатын. 02.07.07-13.07.07 аралығында Ақсайда емделді.Онда да диогноз осылай анықталды.Емді жалғастыра беруге кеңес берді.Неге екенін білмедім мүгедектік жәрдем ақысы 17.08.07 жылы тоқтатылды.Баланы бұдан кейін облыстық диогностикалық орталықта нефролог,генетик,эндекринолог,невропатолог,ортопед мамандары тексеріп емді жалғастыруда.Баланың жасы 10да,3 рет томаграфияға түсті.Диогнозында ешқандай өзгеріс болмай жатыр.Бала көп отыра алмайды,басым,аяғым ауырады деп көп жалоб айтады.Абылайхан қатарластарымен тең емес,қосымша үйірмелерге қатыса алмайды,тез шаршап қалады.Баспалдақтан түсуі қиын.Алматыдан келген генетик Салимбаева қойған Д/З:фосфат-диабет Х-сцеплейный типнаследования Повторный генетический риск для потомства 100 %для девочек и 0% для мальчиков деп қойды.Ұлымды Ақсайға 2 рет 13.07.09-26.07.09ж аралығында ем қабылдады.Ем қабылдаған уақыт аз деп МӘС бөлімінің маманы Мырзаахметова айтады.Ешқандай аз емес біз моноприл-3ай,антиверрин-2ай,диакарб,аспарком-1ай қабылдадық.Бұл не деген сұмдық?Енді қанша дәрі қабылдасақ қорабын жинап МӘС бөліміне апару керек шығар.Осыншама дәрі қабылдаған бала қай уақытта ауруханада жатады?МӘС бөлімі мамандары ауруханада жатпадындар деп бізді кінәләйді. Біз 2-3 ай дәріні ауруханада жатып қабылдай алмаймыз ғой.Сіздерге берген жауапта баланы нефролог,генетик және травматолог мамандарының тексеруінен өтуіне кеңес бергенін хабарлаған.Неге генетиктің қорытындысы көрсетілмеген?Нефролог,травматолог және алынған анализдің қорытындысын МӘС бөлімінің мамандары дұрыстап хабарламаған.Менің қайта жазып отырған себебім МӘС бөлімінің мамандарының сіздерге жазған жауабына қанағаттанбағандықтан.Бала үнемі емді жалғастырып жүргендіктен өкімет тарапынан неге көмек болмайды?Үстіміздігі жылы жазған хатыма сіздер МӘС бөліміне телефон арқылы хабарласыпсыздар. МӘС бөлімінің маманы Т.Т.Мырзаахметова ханым маған осылай жауап берді.Мырзахметованың жауабы МӘС бөлімі К.Сарсембаеваға 11.12.09ж №07-0/3072 жіберілген.Бірақ,мен Мырзахметованың К.Сарсембаеваға жіберген жауабына қанағаттанбаймын.Дәрігерлердің айтуы бойынша менің балама үкімет тарапынан берілген жәрдем ақысы тоқтатылмауы керек дейді.Менің дәрсін уақытылыалып беруге бірде шамам келсе бірде шамам келмейді.Сол себепті осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймын. Мен анасымын ғой 10 жылдан бері баламды алып бармаған жерім жоқ.Барлығы дәрігердің емін жалғастыр дейді.Ал мына жазып отырған хатыма жауапты мына мекен жайға жіберулеріңізді сұраймын: Қызылорда қаласы,Ыдырысова 12/13 тұрғыны Ералиева Ләззат Бастанқызы немесе логин:nurik19@inbox.ru
Ответы (1)
26 февраля 2010 г.
Абдыкаликова Г.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.07.2005 жылғы Қаулысымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінің» 3 тарауы, 7 тармағына сәйкес медициналық қйымдар айғақтар болған кезде адамдарды жарақат салдарына және ауруға, кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын қажетті диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары жүргізілгеннен кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуі керек. Сонымен қатар, Комитеттің тапсырысы бойынша, Сіздің балаңыз 2009 жылдың 10 қаңтарында Әдіснама және бақылау бөлімінде қайта қаралды. Нәтижесінде балаңызға қосымша дәрігерлік тексеруден өтуге қсыныс берілді. Медициналық ұйымдар, медициналық айғақтар анықталған жағдайда балаңызды МӘСке жібереді.






