Санаттар: ЕРКІН ТАҚЫРЫП
| Қазақша | Русский | English | Негізгі бет | Кіру |
|
Санаттар
|
Мұрағат
Блог авторы: ҚР Көлік және коммуникация министрі
21 ақпан 2010 ж. 15:30:53 - 30 қараша 2008 ж.
Санаттар: ЕРКІН ТАҚЫРЫП
Құрметті қауым!
Сіздерді Жаңа 2010 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Барыс жылының берері мол, қуанышы зор болсын! Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман болсын! Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен,
ҚР Көлік және коммуникация министрі
Әбілғазы Құсайынов
Уважаемые посетители блог-платформы!
Поздравляю вас с наступающим Новым 2010 годом!
Новый год дарит нам надежду на счастье и удачу, несет радость новых начинаний. Уходящий год был полон важными событиями и успешной работой для всех нас.
В наступающем году желаю всем вам крепкого здоровья, счастья, душевной стойкости, уверенности в своих силах и оптимизма.
Пусть каждый день Нового года дарит Вам новые перспективы в Вашем труде, пусть будут рядом Ваши надежные партнеры, коллеги, близкие и друзья!
С наилучшими пожеланиями,
Министр транспорта и коммуникации РК
Абельгази Кусаинов
Санаттар: ТРАНСПОРТ
Ұлттық көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде 9 айда 2,9 млн. тонна жүк тасымалданды, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 4 млн. тоннаға жеткізу көзделуде. 2009 жылы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды дамытуға, «Жол картасын» қоса есептегенде 199,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін Биылғы жылы жалпы пайдаланымдағы 2010 жылғы бюджет жобасы бойынша жалпы пайдаланымдағы автожолдарды дамытуға республикалық маңызы бар жолдарға 164,5 млрд. теңге, жергілікті жолдар жүйесіне 91,6 млрд. теңге, оның ішінде «Жол картасы» аясында 47,3 млрд. теңге бөлу көзделуде. Бұл биылғы жылғы көлемді сақтауға мүмкіндік береді. 2015 жылға дейін халықаралық дәліздердегі жұмыстарды аяқтау көзделуде. Биылғы жылдың басты жобасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізді қайта салудың басталуы болып табылады. Дәліздің негізгі бөлігін жалпы сомасы 3,4 млрд. доллар көлемінде халықаралық қаржы институттарының есебінен қаржыландырылады. Бұл жобаны іске асыруға отандық компанияларды қатыстыру мүмкіндігін тудыру мақсатында дәліз 33 учаскеге бөлінген. Жамбыл және Қызылорда облыстары арқылы өтетін 18 учаскенің конкурстық рәсімдері аяқталып қалды. Айдың аяғына дейін контракттерге қол қойылып, жұмылдыру жұмыстарын бастау жоспарлануда. Кең ауқымды жұмыстар 2010 жылы басталмақшы. Құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтау 2013 жылға жоспарлануда. Үстіміздегі жылы автожол саласындағы бірқатар концессиялық жолдарға конкурстар жарияланған болатын. «Алматы – Қорғас» и «Алматы – Қапшагай» концессиялық жобалары бойынша конкурстық конверттерді ашу рәсімдері өткізілді. 2010 жылғы 1 ақпанға дейін концессиялық келісім-шарттарға қол қойылатын болады. Жалпы 2010 – 2014 жылдар аралығында жалпы пайдаланымдағы 30 мың км автожолдар, оның ішінде 18 мың км республикалық маңызы бар жолдар мен 12 мың км жергілікті жолдар қайта салынып, жөндеуден өткізілетін болады. Бұл республикалық жолдардың жай-күйінің 85 %-ын, ал жергілікті жолдар жүйесінің 70 %-ын жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Азаматтық авиацияда 20 әуежайдың 9-ы қайта жөндеу және модернизациялаудың нәтижесінде ИКАО-ның талаптарына сәйкестендірілді. Үстіміздегі жылы концессияның есебінен Ақтау қаласында жаңа терминал іске қосылды. Республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласының әуежайы қайта салынуда. Ұшу-қону жолағын қайта салу мен сервистік және аэродромдық арнайы техникамен қайта жарақтандыру келесі жылға жоспарлануда. 2010 жылы Көкшетау қаласының әуежайын қайта салу, сонымен бірге Алматы қаласындағы жаңа жолаушы терминалының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Пайдаланудан ескі ұшақтарды шығару шаралары жүзеге асырылуда. Оларды ауыстыру үшін 12 аймақтық әуе кемесін сатып алу қажет. «Эйр Астана», «Евро-Азия Эйр» және өзге де отандық компаниялар 2009-2011 жылдарда қажетті жаңа әуе кемелерін сатып алуды жоспарлауда. 2009 жылы барлығы 10 жаңа авиабағыт ашылды. Парламент Мәжілісінде ұшу қауіпсіздігін қадағалауды күшейтуге арналған, ИКАО-ның ескертулері мен ұсыныстары ескерілген авиация туралы жаңа заң жобасы қарастырылуда. Су көлігі саласында Ақтау порты арқылы жүкті қайта тиеу 32 %-ға ұлғайды. Өзен көлігі өткен жылдың деңгейінде тұрақты жұмыс істеуде. Үстіміздегі жылы Өскемен және Бұқтырма кеме жүзетін шлюздерді қайта салу жобасын жүзеге асыру басталды. Көліктік процесстердің қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында көлікті бақылау жүйесінің реформасы жүргізілді. Басқарудың тиімді жүйесін жасау, ұйымдастырушылық құрылымда артық басқару буындарын болдырмау үшін 7 аймақаралық инспекцияға қосу арқылы 16 аумақтық инспекция қайта құрылды. Көліктік бақылау органдарының шекарадағы өткізу бекеттерінде жүзеге асыратын міндеттері кедендік органдарға өткізілуде. Көліктік бақылаудың тиімділігін көтеру мақсатында көліктік бақылау жүйесіне жаңа технологияларды енгізу, сонымен қатар рұқсаттама құжаттарын беру, «адами факторлардың» ролін азайту жұмыстары жүргізілуде. Рұқсатнамаларды беру процесін автоматтандыру қызметкерлер мен тасымалдаушылардың арасындағы 10 мыңнан астам жүздесуді, өлшеудің автоматты жүйесін енгізу жарты миллионнан астам жүздесуді азайтады. Көлік саласын дамыту бағытының маңыздысы отандық тауарлардың өндіруін ұлғайту және қазақстандық құраушының үлесін көбейту болып табылады. Автожол саласы бойынша қазақстандық құраушы 84 % астам. Ағымдағы жылы бірқатар кәсіпорындар іске қосылды. 2011 жылы Ақтау қаласындағы битум шығаратын зауыт іске қосылған соң қазақстандық құраушы 90 %-дан астам болады. Теміржол саласы үшін қажетті жылжымалы құрам, рельстер, кабельді өнімдердің тозуы мен жаңарту қажеттілігін ескеріп, отандық машина жасау саласын дамытуға аса зор маңыз бөлінуде. Барлық жаңа өндіріс бойынша өндірістерді Локализациялау жобалары жасақталған, оның ішінде қазақстандық құрамы 2010 жылы 18 %-дан 2014 жылы 80 %-ға дейін ұлғаяды. За 9 месяцев перевезено 2,9 млн. тонн груза, к концу года этот показатель планируется довести до 4-х млн. тонн. В 2009 году на развитие автодорог общего пользования, включая «Дорожную карту», выделено 199,5 млрд.тенге. До конца года будут введены в эксплуатацию Главным проектом текущего года является начало реконструкции международного транзитного коридора «Западная Европа – Западный Китай». Основная часть коридора финансируется за счет международных финансовых институтов на общую сумму 3,4 млрд. долларов. Для создания возможности участия отечественных компаний в реализации проекта, коридор разбит на 33 участка. На стадии завершения конкурсные процедуры по 18 участкам, проходящих по Жамбылской и Кызылординской областей. В конце месяца планируется подписать контракты и начать мобилизационные работы. Полномасштабные работы намечены на 2010 год. Полное завершение строительных работ планируется к 2013 году. В текущем году объявлены конкурсы по ряду концессионных проектов автодорожной отрасли. По концессионным проектам «Алматы – Коргас» и «Алматы – Капчагай» проведены процедуры вскрытия конкурсных заявок. До 1 февраля 2010 года будут подписаны договора концессии. В целом в период с 2010 по 2014 годы планируются реконструкция и ремонт около 30 тыс. км автодорог общего пользования, в том числе 18 тыс. км республиканского и 12 тыс. км дорог местного значения. Это позволит привести в хорошее и удовлетворительное состояние 85% республиканской и 70% местной сети дорог. В отрасли гражданской авиации из 20 аэропортов 9 за счет проведенной реконструкции и модернизации соответствуют требованиям ИКАО. В текущем году за счет концессии в городе Актау введен новый терминал. За счет Республиканского бюджета ведется реконструкция аэропорта города Кызылорда. Завершение реконструкции взлетно-посадочной полосы и переоснащение сервисной и аэродромной спецтехники планируется в следующем году. В 2010 году запланирована реконструкция аэропорта города Кокшетау, а также завершение строительства нового пассажирского терминала в г. Алматы. Принимаются меры по выводу из эксплуатации устаревших самолетов. Для их замены требуется приобретение 12 единиц региональных воздушных судов. В планах авиакомпаний «Эйр Астана», «Евро-Азия Эйр» и других отечественных компаний приобретение в 2009-2011 годах требуемого количества воздушных судов нового поколения. Всего в 2009 году открыто 10 новых авиамаршрутов. В Мажилисе Парламента рассматривается проект нового закона об авиации, в котором учтены замечания и предложения ИКАО, направленные на усиление надзора за безопасностью полетов. В отрасли водного транспорта на 32% возросла перевалка грузов через порт Актау. Речной транспорт работает стабильно на уровне прошлого года. В текущем году начата реализация проекта реконструкции Усть-Каменогорского и Бухтарминского судоходных шлюзов. В целях повышения безопасности транспортных процессов проведена реформа системы транспортного контроля. Для создания оптимальной системы управления, исключения лишних управленческих звеньев в организационной структуре, проведена реорганизация 16 существующих территориальных инспекций путем объединения в 7 межрегиональных инспекций. Функции органов транспортного контроля, осуществляемые в пунктах пропуска на границе, передаются таможенным органам. Ведется работа по внедрению новых технологий в систему транспортного контроля, в том числе выдачи разрешительных документов, минимизации роли «человеческого фактора». Автоматизация процесса выдачи разрешений сокращает более 10 тысяч контактов между сотрудниками и перевозчиками, введение автоматической системы взвешивания снимет свыше полумиллиона контактов. Важным направлением развития транспортной отрасли является работа по увеличению производства отечественной продукции и повышению доли казахстанского содержания. По автодорожной отрасли показатель казахстанского содержания составляет более 84%. В текущем году запущен ряд предприятий. В 2011 году после запуска битумного завода в г. Актау казахстанская составляющая достигнет более 90%. Учитывая предельный износ и потребность в обновлении подвижного состава, производстве рельсов, кабельной продукции для железнодорожной отрасли, особое внимание уделяется развитию отечественного машиностроения. По всем новым производствам разработаны Планы локализации производств, где доля казахстанского содержания вырастет с 18% в 2010 году до 80% к 2014 году. Санаттар: ТРАНСПОРТ Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ, көлік және коммуникация министрі: Ақылы автокөлік жолдары биыл жүзеге асырылады деп жоспарлануда – Cәуір айында Еуропалық комиссия халықаралық талаптарға сай келмеген Қазақстанның алты әуе компаниясына Еуроодақ елдерінің әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды. Келесі жылы қолданыстағы тағы да 47 ұшақты пайдалануға рұқсат бермейтін көрінеді. Тыйым салынған ұшақтардың орнын сол мерзімге дейін жаңа ұшақтармен толтыруға мүмкіндік бар ма?
– Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болғандықтан, Халықаралық азаматтық авиацияны ұйымдастыру туралы конвенция талаптарын орындауға міндеттіміз. Бұл конвенцияда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттарын жасау жүктелген. Соның ішінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әуе кемелерінің арнайы борт қондырғылармен жабдықталуы туралы талап бар. Аталмыш ұйымның мүшесі ретінде Қазақстан тиісті стандарттарды қабылдауы шарт. Яғни еліміздің азаматтық авиациясында келесі жылдың наурыз айының соңына дейін ИКАО ұйымының жаңа стандарттары енгізілуі тиіс. Жасыратыны жоқ, кеңес заманында шығарылған Ан-24, Як-40, Ту-134 (154) ұшақтары жаңа стандарттарға жауап бермейді. Жалпы, Қазақстанда бас-аяғы 47 әуе кемесінің пайдалану мерзімі өткендіктен, бұл ұшақтар қауіпсіздігімізге кепілдік бола алмайды. Сондықтан барлық әуе кемелерінің техникалық жағдайына кезеңдік тексеру жүргізіліп, жаңа стандарттарға сай қайта жабдықтау жүргізуіміз керек немесе ол ұшақтар саптан шығарылуы тиіс. Ан-24 немесе Як-40 типіндегі ұшақтарды борт қондырғысымен жабдықтауға 400 мың АҚШ долларын жұмсау қажет. Бұл сома аталған ұшақтың бағасымен бірдей болған соң, жаңа ұшақ сатып алу әлдеқайда тиімді деп білеміз.
– Сонда авиапаркті жаңа ұшақтар сатып алу арқылы жаңарту қалай жүзеге аспақ? Бүгінгідей қаржылық-экономикалық дағдарыс кезінде оған қаражат табыла қояр ма екен…
– Бүгінгі таңда елімізде Батыс елдерінде жасалған 25 әуе кемесі авиатасымалдың 85 пайызын жүзеге асырып отыр. Өйткені басқа ұшақтар, жоғарыда айтқанымдай, халықаралық ұйым талаптарына сай келмей отыр. Мұның өзі – авиапаркті жаңартудың қажеттілігін көрсететін дерек. Негізінде, авиапаркті жаңарту әуе компанияларының қаржысына немесе солар тартқан инвестиция есебінен жүргізіледі. Бұл бағытта жұмыстар басталып та кетті. Мәселен, биыл «Скат» әуе компаниясы Боинг-757-200 және Боинг-737-300 әуе кемелерін лизинг арқылы сатып алып, пайдалануға шығарды. Ал «Евро-Азия Эйр» әуе компаниясы өз меншігіне сыйымдылығы жетпіс адамдық Челленджер-870 ұшағын сатып алды. Бұл ұшақ елімізге осы жылдың қыркүйегінде жеткізіледі. «Эйр Астана» әуе компаниясы болса, 2011-2012 жылдары үш «Эмбрайер-190», 2012-2013 жылдары «Эйрбас» авиақұрылыс компаниясынан алты бірдей «Эйрбас-320» ұшақтарын лизинг арқылы сатып алуды жоспарлап отыр.
Десек те, аймақтық әуе компаниялардағы авиапаркті жаңартуда проблемалар туындап отырғанын айтпай кетуге болмайды. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жаңа стандарттарының енгізілуіне байланысты келер жылы аймақтағы авиапарктің 90 пайыздан астамы қазақстандық әуе кемелері реестрінен шығарылады. Саптан шығарылған техникалардың орнын толтыру үшін заманауи үлгідегі аймақтық 10-12 ұшақ қажет болады. Ол ұшақтарды сатып алуды аймақтық әуе компаниялардың қалтасы көтере бермейді. Сондықтан аймақтық авиапарктерді «ҚазТрансЛизинг» компаниясы арқылы лизингтік жолмен жаңартуды көздеп отырмыз. Бұл компанияның 100 пайыз акциясы министрлікке тиесілі. Сондықтан біз республикалық бюджет комиссиясының қарауына «ҚазТрансЛизингтің» жарғылық капиталын 2010 жылы 8 млрд 821 млн теңгеге дейін көбейту туралы өтініш жасадық. Бұл қаржының 5 млрд 40 млн теңгесі – әуе кемелерін сатып алу бағдарламасына, 3 млрд 781 млн теңгесі еліміздегі аэропорттарда әуе кемелеріне қызмет көрсететін арнайы техника сатып алуға жұмсалады. Әуе кемелерін сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қаржы келесі жылы елімізге жеткізілетін 10 аймақтық ұшақ құнының 15 пайыздық бастапқы жарнасын қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ал қалған 85 пайызын займдық қаржылар есебінен төлейміз деген жоспарымыз бар.
– Сарапшылар келер жылдары дағдарыстың беті қайтып, экономикалық өсім қарқын ала бастайтынын болжап отыр. Әдетте, экономикалық өсім қарқын ала бастағанда тасымалданатын жүк көлемі де артады. Осыған байланысты, «еліміздің көлік жүйесінің мүмкіндіктері қаншалық» деген сұрақ қойғым кетіп отыр.
– Еліміздің көлік-коммуникация кешенін дамыту 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына және Қазақстан Республикасы 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Оңтайлы көлік жүйесін қалыптастыру үшін, әрине, қызмет көрсетудің сапасын жаңа деңгейге көтеру керек. Қазірдің өзінде біршама жұмыс істеліп те жатыр. Теміржолдар мен автокөлік жолдары жаңадан салынып, қолданыстағы теміржол желілері электрлендірілуде. Негізгі бес әуежай қайта жаңартылды.
Егер ағымдағы жылы жоспарланған инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тоқтап қалмаса, 11 мың жаңа жұмыс орнын құруға және құрылыс кезеңінде көршілес салаларға 30 мыңға дейін адамды жұмысқа тартуға мүмкіндік бар. Бұл ретте инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың ең жоғарғы шегі 2010-2012 жылдар аралығына келеді. Ол кезде жоспарға сәйкес жаңадан 90 мың жұмыс орны ашылады, ал көршілес салаларда 265 мың адам жұмысқа тартылады. Баса айта кетер жайт, бұл жобаларға салынған инвестицияның қазақстандық үлесі 76 пайызды құрады. Алдағы үш жылда біз бұл көрсеткішті 88 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.
– Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар қандай нәтиже беруде?
– Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит – ең табысты тасымал көзі. Мәселен, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының жалпы тасымалдау жұмысындағы транзиттік үлесі 5-6 пайызды құрайды. Ал енді қараңыз, аталмыш компания табысының 12-15 пайызы дәл осы транзиттік тасымалдан түседі. Бұл – бір мысал ғана. Оның үстіне, соңғы жылдары ел аумағынан өтетін транзиттік жүк тасымалының көлемі жыл сайын орта есеппен 15-20 пайызға өсуде. Қазақстан – негізгі халықаралық көлік дәліздеріне (ТРАСЕКА, Оңтүстік-Солтүстік, Ортаазиялық дәліз, Азияаралық теміржол магистралі) қатысушы мемлекет. Сондай-ақ еуропааралық және азиялық көлік желісіне бірігу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Көлік стратегиясы аясында құны 30 млрд АҚШ долларын құрайтын 80 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстардың нәтижесі жемісті болса, транзиттік әлеуетімізді арттыруға мол септігі тиетіні даусыз.
– Халықаралық сарапшылардың дерегіне сүйенсек, Еуропа — Қытай бағытына Орталық Азия елдері арқылы өтетін транзиттік тасымал осы бағыттағы барлық жүктің бір пайызын ғана құрайды. Бұл транзиттік әлеуеті зор деген еліміз үшін көңіл көншітерлік көрсеткіш емес қой. Бұл көрсеткішті арттырудың амалы бар ма?
– Ол үшін транзиттік көлік дәліздерінің қызметін сапалық тұрғыда жақсартып, шекараларды кесіп өтуде кездесетін мәселелерді шешу керек. Соңғы екі жылда Қазақстан аумағынан өтетін транзиттік тасымалдың көлемі 40 пайызға өсті, одан кіретін табыс та осыншаға артты. 2007 жылы Қытайдан Еуропаға апаратын құрлықаралық Батыс Еуропа — Батыс Қытай автокөлік дәлізі жобасын жүзеге асыру басталды. Қытайдан Еуропаға баратын ең төте жолды салу жобасына қатысатын елдер санаулы болғандықтан, шекарадан өту мәселесі де оңай шешіледі. Аталмыш жобаның жүзеге асуы Суэц каналы арқылы жүк тасымалдаумен салыстырғанда, жол уақытын 40 күннен 10 күнге дейін және жолдың қашықтығын 8-15 мың шақырымға қысқартады. Бастысы, бұл жобаны Еуразиялық экономикалық қауымдастық, ЭСКАТО, БҰҰ, СПЕКА, ЦАРЕС сынды халықаралық ұйымдар қолдап отыр. Сонымен қатар алдағы уақытта халықаралық маңызы бар екі мың шақырым жолды әлемдік стандарттарға сай салу және қайта жаңарту жоспарланып отыр.
Қытаймен шектесетін «Достық» стансасы мен «Ақтоғай – Достық» теміржол желісінің өткізу қабілетін 2011 жылы жылына 25 млн тоннаға жеткізу жұмыстары жүзеге асуда. Сондай-ақ бұл елмен түйістіретін тағы бір шекаралық өткел ретінде «Қорғас — Жетіген» теміржол желісін салу жоспарланған. Бұл желі Қытайдан Орталық Азияға, Иранға, Батыс Еуропаға, Кавказ елдеріне жүкті біршама төте жолмен тасымалдауға мүмкіндік береді. Жаңа желі пайдалануға берілген жылы тасымалдау көлемі 5 млн тонна болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ Қытай мен еліміздің оңтүстік аймақтарымен, Орталық Азия елдерімен арадағы қашықтық 500 шақырымға қысқарады.
Теміржол саласындағы болашағы зор жобаның бірі – 988 шақырымдық «Бейнеу – Жезқазған» теміржол желісін салу екенін айтқым келеді. Бұл жол салынса еліміздің шығысынан – батысқа, Қытаймен шектесетін «Достық» және «Қорғас» стансаларынан «Ақтау» портына жаңа транзитті бағыт пайда болады. Биыл Парсы шығанағы мен Жерорта теңізі порттарына Түрікменстан мен Иран арқылы жүк тасымалдауға жол ашатын «Өзен (Қазақстан) – Берекет (Түрікменстан) – Горган (Иран)» теміржолының құрылысы басталмақ. Бұл жол «Солтүстік-Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізінің ең маңызды телімінің біріне айналуы әбден мүмкін. Жүк өткізу қабілеті мен жүк жеткізу жылдамдығын арттырудағы магистралды желілердің мүмкіндігін «Алматы – Ақтоғай», «Достық – Ақтоғай», «Ақтоғай – Мойынты» теміржол желілерiн электрлендіруді жүзеге асыру арқылы кеңейту жоспарлануда.
– Министр мырза, әңгімені автокөлік жолдарына қарай бұрсам деп ем. Өзіңіз білесіз, бұрынғыдай емес, жердің көбі жекеменшік болып кетті. Жаңа жобалар бойынша салынатын автокөлік жолдары осындай жекеменшік жерлерден де өтеді. Енді оларды мемлекеттік қажеттілікке қайта сатып алу керек. Жер иесімен бағасына келісудің оңай емесі күнделікті көріп жүрген жайт. Жер телімдерін сатып алу жұмыстары ұзаққа созылып кетіп, сіз айтқан жобаларды бастауға тұсау болмай ма?
– Қазақстандағы жер қатынастары Жер кодексі және осыған негізделіп қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес реттеледі. Жол құрылысы үшін жекеменшіктегі жерлерді сатып алу заңдарымызда қарастырылған. Ол үшін жер иелеріне жер ақысы толық көлемде қайтарылады немесе олардың қалауынша басқа жер учаскелері де берілуі мүмкін. Мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алынатын жер телімінің құны, мерзімдері және сатып алудың басқа да шарттары жер учаскесінің иесімен жасалған келісіммен анықталады. Егер жекеменшіктегі үйлер алынса, иесі өз қалауынша жаңа тұрғын үй немесе үйдің нарықтық бағасына сәйкес өтемақы төлетіп алады.
Мемлекеттік сатып алу және қызмет көрсету заңнамасына сәйкес, облыстық әкімдіктердің жер қатынастары басқармасы сатып алу келісімшартын бекіткен күні мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерінің сатып алу бағасын анықтайтын бағалау қызметіне мемлекеттік лицензиясы бар тәуелсіз бағалаушыны анықтау үшін байқау өткізеді. Мұндай тәжірибе әділ бағаны анықтау үшін барлық шарттарды қамтамасыз етеді, өтемақы көлемі туралы оң келісімге қол жеткізу үшін жер иелері мен жер пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу уақытын айтарлықтай үнемдейді. Мұның барлығы біздің заңдарда нақтыланып көрсетілген. Сондықтан жер телімдерін сатып алуда мәселе туындамайды деп сенемін.
– Астана мен Алматы арасындағы автокөлік жолын жөндеуден өткізу кезінде жол бойындағы ауылдар жұмыспен қамтылып, бір серпіліп қалып еді. Енді «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша 2,5 мың шақырым жол қайта салынбақ және жаңадан тартылады. Осы жұмысқа жұмыс күші қайдан алынады? Өз еліміздің азаматтарын тартуға басымдық беріле ме?
– Бұл жолдың құрылысына жұмыс күші осы жоба жүріп жатқан өңірдің тұрғындарынан тартылады. Бұл жоба бойынша жол-құрылыс жұмыстарында 50 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Тартылатын жұмысшылардың жартысы жергілікті халықтан (үшінші және біліктілік қажет етпейтін төртінші санаттағы жұмысшыларды қоса алғанда) құралады, соның ішінде 5 мың адам қоғамдық жұмыстарға тартылады. Жобаның жартысынан көбі сыртқы займдар есебінен жүзеге асатындықтан, жол-құрылыс жұмыстары нарығына шетел компаниялары да шығады. Бірақ шетел компанияларынан білікті мамандардан басқа, қарапайым адамдарды тартуға шектеу қойылған. Осылайша ауылдағы ағайындар «екі қолға бір күрек» алатын болады.
– «Ақылы жолдар жүйесі енгізіледі» дегелі біраз болды. Бұл жерде «мемлекет бюджетінен, яғни халық төлеген салық есебінен салынатын жолды халық тағы да ақы төлеп пайдалана ма» деген сұрақ туындайды. Әлде ол тек транзиттік көліктер үшін ғана ақылы бола ма?
– Ақылы автокөлік жолдары, оның ішінде концессияға берілетін ақылы жолдар биыл жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда жобалар бойынша құжаттамаларды рәсімдеу жұмыстары атқарылып жатыр. «Автокөлік жолдары туралы» заңның 5-1 бабына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарына қатысты жолдар ақылы негізде пайдаланылады. Концессиялық жобалар мемлекет бюджеті есебінен емес, концессионердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатындықтан, ақы төлеу жол пайдаланушылардың барлығына да тиесілі болады деп жоспарлануда.
Жоғарыда атап өткен «Автокөлік жолдары туралы» заңның 5-2 бабына сәйкес ақылы автокөлік жолдарын, оның ішінде концессияға берілетін ақылы автокөлік жолдарын пайдаланғаны үшін қызметтік міндеттерді орындаған кезде «Жедел жәрдем» ұйымдары, өртке қарсы қызмет, авариялық-құтқару қызметтері, жол-патруль қызметінің арнаулы автокөлік құралдары ақы төлеуден босатылады. Сондай-ақ басқа автокөлік жолымен баламалы түрде жүруге мүмкіндік болмаған кезде қала маңындағы бағыттарда және елді мекендерді, атап айтқанда, кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, Астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар ақы төлемейді. Ақылы жолдарды тегін пайдалануға рұқсат етілетін өзге де жайттар заңда толық көрсетілген. Ауыл шаруашылығы техникаларының қозғалысы және өзен-сулар мен теміржолдарды кесіп өтуге ақылы жолды пайдалану – бәрі де заңмен реттеледі.
– Алдағы уақытта автожолдар құрылысы қарқын алатынын ескерсек, арнайы техника мен қосалқы бөлшектерге қажеттілік күрт өсетіні белгілі. Ал бізде сол сұранысты қанағаттандыратын амал бар ма?
– Бүгінгі таңда автожолдарды күтіп ұстауға қажетті арнайы техниканы қоспағанда, құрылыс саласында жол-құрылыс техникасының жетіспеушілігі байқалмайды. Батыс Еуропа—Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізіндегі ауқымды құрылыс жұмыстарының және автожол саласындағы концессиялық жобалардың 2010 жылы басталуына байланысты жер қазатын, бөлетін және тығыздайтын техниканың тапшылығы болатыны рас. Жалпы, мемлекеттік меншіктегі қашықтығы 93 мың шақырымнан астам қолданыстағы автожолдардың сапалы ұсталуын қамтамасыз ету үшін пайдалану техникасына деген қажеттілік бір мың бірлікті құрайды. Бұл қажеттілікті республикамыздың аумағында жол-құрылыс техникасын құрастырумен айналысатын кәсіпорындар шеше алады. Солардың бірі ретінде автогрейдер, жүк тиегіш және экскаваторларды құрастыру бойынша Қытайдың машина жасайтын ірі зауыттарымен келісімге қол жеткізген Қостанай дизель зауытын атауға болады. Бұл зауыт 2008 жылы қытайлық маркалы автогрейдер, жүк тиегіш және экскаваторлардың бірқатар түрлерін шығарды. Сонымен қатар КамАЗ автокөлігін жинаумен айналысатын Көкшетау қаласындағы «КамАЗ Инжиниринг» АҚ да бар.
– Теміржол саласындағы күрделі жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізілмеуі салдарынан жолдан вагондардың тайып шығып кету оқиғаларының саны көбейді. Ал биыл дағдарысқа байланысты күрделі жөндеуден өткізілетін жолдардың ұзындығы былтырға қарағанда екі есе азайтылды. Бұл пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей ме?
– Биыл магистральді жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарының мөлшері төмендеуіне қарамастан, жыл бойы олардың жай-күйін қалыпта ұстау күшейтілген орташа және орташа жөндеу арқылы, сонымен қатар жолды ағымдағы күтіп-ұстау жұмыстары арқылы жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ магистралды жолдардың құрылыстарын күтіп-ұстауды бақылау мамандандырылған жылжымалы құрам арқылы жүргізіледі (жол өлшеу вагондары). Осы жылжымалы құраммен магистралдық және стансалық жолдарды тексеру айына екі рет іске асырылып, теміржол көлігінде жүру қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Теміржол көлігінде жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі министрліктің ерекше бақылауында тұр. Биылғы жылы қауіпсіздік ережесін бұзу оқиғасы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42 пайызға төмендеді. Сондықтан күрделі жөндеу көлемі кеміді деп алаңдауға еш негіз жоқ.
– Астананың іргесінде салынып жатқан локомотив құрастыру зауыты таяу күндері іске қосылмақ. Бірақ бұл зауыт тепловоздар құрастырады. Ал еліміздегі теміржолдарды электрлендіру қарқынды жүргізілуде. «Сонда тепловоз шығаратын зауыттың қажеті болмай қалмай ма» деген сұрақ туындайды. Оған не айтасыз?
– Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 14 мың 356 шақырым теміржолдың 4 мың 143 шақырымы ғана электрлендірілген. Ол 28,8 пайызды құрайды. Келешекте тағы 1 мың 783 шақырым теміржол телімін электрлендіру жоспарлануда. Жалпы, теміржол телімінің 59 пайызы электрлендірілмеген, яғни тепловоздарға әлі де болса сұраныс болады деген сөз. Сонымен бірге жасап шығарылған тепловоздардың 10 пайызы шет мемлекеттерге экспортталатын болады.
Бүгінгі бағыт
Қазіргі таңда Каспий теңізі арқылы тасымалданатын жүк 30 млн тоннаны құрайды. Бүгіндері «Ақтау» портын солтүстік бағытта кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба екі жылда айлақтың жүк өткізудегі өндірістік қуатын екі есеге арттырады. Каспий шельфін игеру бағдарламасында «Құрық» портының қуатын жылына 20 млн тоннаны құрайтын мұнай құю терминалын құру арқылы дамыту да көзделген. Бұл айлақты дамыту «Баку – Тбилиси – Жейхан» мұнай-газ саласы жобасына қатысуға бағытталған.
Болашаққа болжам
Қазақстанның географиялық орналасуына қызықпайтындар кемде-кем. Бұл мүмкіндік Еуропа мен Азия арасында жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларын өз аэродромдарымызға тартуға жол ашпақ. ИКАО ұйымының алдын ала болжамына сенсек, бұл бағытта таяу болашақта жолаушы тасымалы – 5-7 пайызға, ал жүк тасымалы 9-10 пайызға өседі.
Cұхбаттасқан Халима БҰҚАРҚЫЗЫ Санаттар: ТРАНСПОРТ Казахстан готов содействовать полноценному движению контейнерных поездов по коридору TRACECA: интервью с министром транспорта и коммуникации РК 22.05.09 11:14 Азербайджан, Баку, 21 мая /корр. Trend Capital Э.Исмайлов/ - Какие работы по модернизации, совершенствованию и строительству новой железнодорожной инфраструктуры сейчас проводятся в Казахстане? - В апреле мы начали строить железнодорожную линию Ералиево-Курык, которая создаст условия для развития береговой инфраструктуры прикаспийских территорий Казахстана и обслуживания порта Курык. Ввод во временную эксплуатацию Ералиево-Курык запланирован на второй квартал 2010 года. Протяженность этой железнодорожной линии составит 14,4 километров, а предполагаемый объем грузоперевозок - 5,5 миллионов тонн в год. Реализация проекта оценивается приблизительно в 7,57 миллиардов тенге.
Для прямого соединения Казахстана с Туркменистаном, Ираном и странами Персидского залива мы планируем в четвертом квартале 2009 года начать строительство железной дороги Узень - государственная граница с Туркменистаном. Проект "Узень - госграница с Туркменистаном" является частью проекта линии Узень-Кызылкая-Берекет-Этрек-Горган, осуществляемого Казахстаном, Туркменистаном и Ираном. Прогнозируемый объем перевозок в первый год эксплуатации составит 8 миллионов тонн.
Для открытия второго пограничного пункта железнодорожного перехода с Китаем, позволяющего сократить расстояние из южных регионов Казахстана в Китай на 500 километров, намечается строительство железнодорожной линии Коргас-Жетыген. Ее строительство планируется начать в июле текущего года, а завершить в 2010 году. Планируемый объем перевозок в первый год эксплуатации составит 5-6 миллионов тонн.
- …а в сфере водного транспорта?
- В этой сфере сейчас также ведется целенаправленная работа. В частности, для увеличения мощности порта Актау предполагается до 2012 года строительство дополнительно четырех нефтеналивных причалов, трех причалов для сухих грузов, защитных гидросооружений, проведение дноуглубительных работ. Все это позволит повысить мощность Актау по обработке до 20 миллионов тонн нефтеналивных и 3 миллионов тонн сухих грузов в год. Нынешние возможности Актау по перевалке нефти составляют 10 миллионов тонн в год.
В связи с реализацией нефтегазовых проектов в Казахстане в текущем году начато строительство новой железнодорожной линии Ералиево-Курык на концессионной основе. Во втором полугодии мы планируем завершить строительство завода по ремонту и обслуживанию малых судов в порту Баутино. Завод рассчитан на ремонт небольших судов длиной до 60 метров и весом до 600 тонн, а также на техническое обслуживание всех видов судов, оперирующих на Северном Каспии. Мощность завода позволит одновременно обслуживать 6-8 судов у одной причальной стенки. Завод сможет обслуживать 40-50 судов в год.
- Наши страны имеют опыт сотрудничества в области контейнерных перевозок. Для привлечения внимания потенциальных клиентов по маршруту Поти-Баку-Актау-Алматы был пущен демонстрационный контейнерный поезд. Есть ли у Казахстана заинтересованность в продолжении сотрудничества в этом направлении?
- Сейчас ведутся активные работы по внедрению на регулярной основе сквозного контейнерного железнодорожного сообщения Поти-Баку-Актау-Алматы в рамках транспортного коридора Европа-Кавказ-Азия (TRACECA). Но хочу сказать, что существуют факторы, препятствующие полноценному функционированию контейнерного поезда по этому маршруту. Прежде всего, это наличие налаженного и проверенного временем контейнерного сервиса из портов Находка-Восточная, Новороссийск, вследствие чего грузоотправители пока не готовы переориентировать грузопотоки на маршрут Поти-Баку-Актау-Алматы. В этом направлении также существуют определенные технологические сложности, связанные с перевалкой грузов через два моря и прохождением нескольких границ.
Вместе с тем, Казахстан готов оказывать всяческое содействие организации полноценного курсирования контейнерных поездов по маршруту TRACECA. Мы готовы обеспечить качественное железнодорожное обслуживание, беспрепятственное прохождение поезда по нашей территории, предоставить благоприятные тарифы при наличии гарантированных объемов грузов.
- Какие реформы, по вашему мнению, необходимо предпринять для повышения эффективности коридора TRACECA?
- TRACECA является одним из перспективных маршрутов, которому Казахстан придает особое значение. Географическое положение нашей страны создает условия для доставки грузов из Китая в Западную и Восточную Европу, Закавказье, Иран и Турцию. TRACECA может выполнять роль трансконтинентального коридора, выполняющего функцию моста в сообщении Азия (Китай) - Европа.
Но, учитывая новые экономические условия и вызовы, необходимо провести глубокий анализ развития этого маршрута. Нужно изучить конкурентоспособность коридора в сравнении с другими альтернативными маршрутами, сделать анализ эффективности проводимых ЕС мероприятий в рамках TRACECA, провести обзор тарифов на перевозки грузов в контейнерах по железной дороге, морским и автомобильным транспортом.
Учитывая существование альтернативных маршрутов из Азии в Европу на выгодных условиях, мы считаем, что развитие транзитных перевозок по TRACECA - долгая и сложная работа и, чтобы заработать определенную репутацию, необходимо выходить на новые стандарты качества обслуживания, проводить гибкую тарифную политику.
Я думаю, нужно продолжить работу по созданию единой транспортной политики на протяжении всего коридора. Важным вопросом является устранение правовых препятствий в реальном перемещении грузов, для чего требуются совместные усилия всех стран, заинтересованных в развитии TRACECA. Итогом этой работы должно стать, в частности, признание странами единой транспортной таможенной накладной. Необходимо техническое обеспечение, позволяющее точно знать, где находится груз в то или иное время.
- Казахстан создает свой флот на Каспии, ориентированный на поддержку морских нефтегазовых операций, а также для транспортировки грузов. Намерен ли Казахстан приобретать новые суда и какие направления перевозок наиболее интересны сегодня?
- Сегодня "Казмортрансфлот" эксплуатирует три нефтеналивных танкера грузоподъемностью 12 тысяч тонн. До 2012 года планируется строительство еще трех танкеров такой же грузоподъемности.
В настоящее время основными направлениями транспортировки нефти из Актау являются прикаспийские порты Махачкала, Нека, Баку. В 2008 году перевезено порядка 5,9 миллионов тонн нефти. В перспективе планируется перевозка нефти казахстанского происхождения на Черном море.
В рамках освоения казахстанского шельфа Каспийского моря флотом поддержки морских операций, состоящим из 13 единиц, компания осуществляет транспортировку строительных материалов и оборудования. Объем перевозок из порта Баутино к местам строительства искусственных островов в 2008 году составил 1,7 миллионов тонн. В перспективе планируется увеличить объем транспортировки до 2 миллионов тонн в год.
- Насколько мировой кризис сказался на перевалке зерна через порт Актау и планируется ли дальнейшее расширение этого портового комплекса?
- В январе-марте перевалка зерна через Актау составила 58 тысяч тонн против 42 тысяч тонн в первом квартале 2008 года. Всего в 2008 году перевалка зерна через Актау составила 266 тысяч тонн против 187 тысяч в 2007 году.
В настоящее время АО "Продовольственная корпорация" изучает возможность расширения проектных мощностей зернового терминала, расположенного в порту Актау, до 1,5 миллионов тонн в год с нынешних 600 тысяч тонн. Объем единовременного хранения терминала составляет 25 тысяч тонн. Санаттар: ТРАНСПОРТ Көлік саласы – экономика өсуінің тірегі Еліміздің қазіргі автомобиль мен темір жолдарының және әуежайларының инфрақұрылым жүйесі аймақтық даму мен өндірістік қуаттарды орналастыруды ескере отырып жасалған болатын. Қазіргі таңда инфрақұрылым нысандарының едәуір бөлігі моральдық және физикалық жағынан тозып, жаңарту мен қалпына келтіруді қажет еткендіктен, экономиканың өскелең қажеттілігін өтей алмауда. Аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы бекітілген болатын. Оның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясы жобасына ұсыныстарда да көрініс тапты. Қазіргі кезде еліміздің автомобиль жолдарының тірек жүйесі қалыптасты. Сонымен қатар, 300-ге жуық ауылдық елді мекендер мен облыс және аудан орталықтары арасындағы жергілікті жолдардың қатты жамылғысы жоқ. Сондықтан, жергілікті бюджеттер Үкіметтің Жол картасында белгіленгендей ауылдың инфрақұрылымын дамытуға қайта бағытталуға тиіс. Жол картасын жүзеге асыру биылғы жылы Темір жол саласындағы күрделі жөндеу жұмыстарын уақытылы жасамау салдарынан апаттық жағдайлардың, жолдан тайып шығып кету саны көбейе түскен. Сондықтан Көлік стратегиясында қолданыстағы жолдар жүйесін жаңарту мен жаңа темір жол учаскелерін салу қарастырылған. Бұл экспорттық және транзиттік тасымалдаудың өсуін қамтамасыз етуге, бағдарғыларды оңтайландыруға, өңіраралық қатынастарды дамытуға, жылдамдықты арттыруға және тасымалдаудың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Оның ішінде, Қорғас – Жетіген жобасы Қытаймен арадағы темір жолда екінші шекаралық бекет ашуға мүмкіндік беріп, Достық станциясының жүгін едәуір азайтады. Республиканың Каспий маңы аумақтарының жағалау инфрақұрылымын дамыту мақсатында Ералиев – Құрық темір жол учаскесінің құрылысы басталды. Қазақстан, Түркіменстан және Иран мемлекеттері басшыларының тапсырмаларына сәйкес биылғы төртінші тоқсанда республикалық бюджет есебінен Өзен – Берекет – Горган темір жол желісін салу жұмысы басталады. 2020 жылға дейін Аталған инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру 90 мың жаңа жұмыс орнын ашу және еншілес салаларда құрылыс кезеңіне 265 мың жұмыс орнына адам тартуға мүмкіндік ашады. 2013 жылға дейінгі инвестиция көлеміндегі қазақстандық қамту 86,6 % болады. Бүгінгі күні бұл жөнінде шағын және орта бизнеске ишара жасалды. Қазір отандық материалдар шығаратын өндірісті салу мен көліктік машина жасау дами бастады. Автомобиль жолдарында пайдаланылатын геосинтетика, металл конструкцияларын, жарық беру тұғырларын, лак бояуларын өндіру жолға қойылды. Астанада локомотив жинайтын завод құрылысы аяқталып келеді, Петропавл қаласында «ЗИКСТО» АҚ жүк тасуға арналған жартылай вагон шығара бастады. Қосалқы бөлшектер, ірі құйма детальдерін өндіру игерілуде. Көлік саласы жоспарларының жүзеге асырылуы экономиканың басқа секторларына да, аймақтық дамуға да мүльтипликативті әсер береді. Санаттар: ТРАНСПОРТ В настоящее время порт Актау является единственным морским торговым портом, имеющий статус международного, через который осуществляются перевозки в экспортно-импортном сообщении. В 2008 году через порт Актау перевалено порядка 11 млн. тонн различных грузов или на уровне 2007 года. За 1 квартал текущего года перевалено 3,2 млн. тонн грузов, что на 35 % превышает показатели аналогичного периода прошлого года только по нефти. Это обусловлено наращиванием объемов добычи нефти компанией «Тенгиз Шевройл» и транспортировкой его через порт Актау. В целях увеличения пропускной способности порта поэтапно реализуется проект «Расширение порта Актау в северном направлении», стоимость которого составляет 41,7 млрд. тенге. В настоящее время ведется строительство защитных гидротехнических сооружений в рамках первого этапа. В реализации проекта задействовано порядка 130 человек. Реализации второго этапа проекта (дноуглубительные работы) предполагается в период с 2009 по 2011 годы. В этих целях с БРК заключен договор займа на сумму 4,3 млрд. тенге. Также в настоящее время прорабатывается вопрос реализации третьего этапа проекта (строительство нефтеналивных и сухогрузных причалов). Санаттар: ТРАНСПОРТ Ералиево – Құрық темір жолы желісінің құрылысы басталды Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясында«Ералиев – Құрық» жаңа темір жол желісін салу көзделген болатын. Елбасы өзінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалардын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейін, 2007 жылғы желтоқсанда «Астана-АРЭК» серіктестігімен «Ералиев – Құрық» темір жол желісін салу және пайдалану жөнінде концессиялық келісім-шартқа қол қойылған болатын.
Бүгін осы жобаны тікелей іске асыру басталғалы тұр.
Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 8 миллиард теңгеден астам қаржы тартылмақ. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанның Каспий теңізі жағалауы аумағының инфрақұрылымын дамыту және Құрық портына көлікпен тасымал мүмкіндігін арттыру болып табылады.
Бұл жобадан біз не ұтамыз деген сұраққа келсек:
-ең алдымен Құрық порты жүк аумағы дамытылады;
-екіншіден, Құрық портының айналасындағы жағалау инфрақұрымын дамытуға жағдай жасалады;
-үшіншіден, қазақстандық жүктерді Каспий теңізіне жеткізу жеңілдейді;
-төртіншіден, Ақтау теңіз портына түсетін салмақ азаятын болады.
Бұл құрылысты темір жол салуда тәжірибесі бар «Мостоотряд -1» серіктестігі жүргізбекші. Өңірде маңызы үлкен нысанның құрылыс жұмыстары бүгіннен басталып, келесі жылы толық аяқталуға тиіс. Құрылысқа тартылатын адам саны 300-ге дейін өспекші.
Осымен қатар бұл өңірде Маңғышлақ – Өзен темір жол учаскесін, оның ішінде Маңғышлақ – Ералиев учаскесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге бұл учаскеде автоматты тежеу жүйесін қалпына келтіру қажет. Сондықтан қосымша разъездер ашылатын болады.
Бұл тұста бәріміз ерекше назар аударатын мәселе: құрылыс барысында жергілікті материалдар мен қазақстандық жабдықтарды неғұрлым көбірек пайдалану қажет. Яғни, барынша үнем жасалуы керек.
Жалпы осы жобаны жүзеге асыру арқылы еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі дамыта отырып, ел экономикасына қосымша қаражат тарту міндеті тұр. |
Соңғы пікірлер
Соңғы сұрақтар
|